Ошибка
 
 
«Аманат» алаңы: Сайлаудың әділ өтуіне мүдделі Печать
04.05.2019 18:50

Осы жылдың 9 маусым күні кезектен тыс өтетін Президент сайлауына орай «Аманат» азаматтық алаңы құрылып еді. Мақсаты – сайлау үдерісіне қоғамдық мониторинг жүргізу. Бұл тәуелсіз ерікті бірлестіктің алғашқы отырысы өткен айда Нұр-Сұлтан қаласында болса, ал бүгін еліміздің үшінші мегаполисінде де аталған алаңның штабы құрылды.


Штабтың жетекшісі Ербол Дайрашұлы: «Азаматтық алаң – әділ, ашық сайлауға мүдделі» дей келе, оның басты мақсаты мен сайлау үшін қажетті жағдай жасаудың бағыттарын тілге тиек етті. Атап айтсақ, бес бағыт:

1. Сайлауды өткізуге дайындық

Бұл бағыт дайындық кезеңінің қоғамдық мониторингін білдіреді. Ең жақсы дайындық – сайлаудың ашық болуы. Әрбір азаматтың сайлауға қатысуға құқығы болуы тиіс. Мұны қамтамасыз ете аламыз ба? Ол үшін барлық қажетті жағдайлар уақытылы жасалуы тиіс. Уақыт аз қалды. Жаңартылған тізімдер дайын ба, олар қаншалықты өзекті.

Үміткерлердің тәжірибесі, ресурстары, танымалдылығы мен қолдауы әртүрлі. Оларға теңдей жағдай жасалына ма? БАҚ барлығына бірдей алаң бере ме?

2. Сайлаушылардың өз құқықтары жайлы хабардар болуы

Сайлаушылардың құқықтық процедуралары, сайлау кезеңдері мен мерзімдері туралы ақпараттандыруды қарастыратын ең маңызды бағыттардың бірі. Олар қандай да бір кандидатты қалай қолдай алады? Оның бағдарламасы туралы ақпаратты қалай табуға болады? Құқықтары бұзылса ол туралы қайда, қалай хабарлайды? Онлайн заңгерлік кеңес беру қызметін құру. Алғаш рет дауыс беретін жас сайлаушыларды оқыту;

3. Адалдық

Қазақстанның барлық өңірлерінде, әрбір сайлау учаскесінде тәуелсіз бақылау желісін құру. Бақылаушыларды халықаралық ұйымдардың стандарттары бойынша оқыту. Жедел ақпарат алмасу желісін құру. Бұзушылық фактілеріне ден қою. Ол үшін Орталық сайлау комиссия, Бас прокуратура, сот, жергілікті органдар, сайлау комиссиялары және үміткерлердің штабтарымен ынтымақтастық орнату;

4. Ашықтық

Азаматтар, журналистер, сарапшылар, ғалымдар арасындағы сайлау бойынша барынша ашық және объективті ақпаратпен пікір алмасу. Тәуелсіз диалог платформалары мен пікірталас алаңдарын құру. Түрлі көзқарастарды білдіретін сарапшыларды, қоғамдық пікір көшбасшыларын талқылауға тарту. Оның ішінде онлайн түрін де пайдалануға болады;

5. Ынтымақтастық

Бұл бағыт құрмет пен сенім қағидаттарында мемлекет пен қоғамның тең ынтымақтастығын қамтамасыз етуі тиіс. Сайлау процесінің ең өзекті мәселелерін анықтау. Азаматтар сайлаудан не күтеді? Сайлаушылар үміткерлерге өз талаптарын, үміттерін және өтініштерін жеткізе алатындай ақпарат алмасу арналарын құру бұл – АМАНАТ! Халықтың аманатына қиянат жасауға болмайды. Азаматтардың пікірлерін барынша есепке алу сайлау нәтижелеріне азаматтардың сенімін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Алдағы сайлауға мониторинг жүргізу бойынша осы бес негізгі бағытта «Аманат»  азаматтық  алаңы  қалыптасқан.

«Қызмет – ақпарат»

Пікір қосу


Қорғаушы код
Жаңалау

 

Соңғы пікірлер

 
Барлық құқықтар қорғалған.
"Қызмет" интернет басылымы.