Ошибка
 
 
Қоғамдық келісім формуласы: Бірлік пен Жаңғыру Печать
27.05.2019 15:51

Шымкент қаласында «Қоғамдық келісім формуласы: Бірлік пен Жаңғыру» тақырыбында Шымкент қалалық Қазақстан халықтары ассамблеясының бірінші сессиясы өтті. Оған қала әкімі әрі Шымкент қаласы бойынша ҚХА төрағасы Ғ.Әбдірахымов, қалалық мәслихат хатшысы Ғ.Ташқараев, Шымкент қаласы бойынша ҚХА төрағасының орынбасары М.Қалмұратов, басқарма басшылары, этномәдени бірлестіктердің басшылары, діни бірлестіктер, партиялар және ҮЕҰ өкілдері, жалпы барлығы 1000 шақты адам қатысты.


«Қазақстан халықтары Ассамблеясы бірлік пен бейбітшілік идеяларын насихаттайтын тиімді институтқа айналды. Бүгінгі таңда Шымкентте 100 этнос өкілдері өмір сүрсе, 15 этномәдени бірлестіктер жұмыс істеп келеді. Тұрақты қоғамдық қатынастарды сақтау жұмыстарын бұдан ары да жалғастыра беруіміз қажет» – деп атап өтті әкім өз сөзінде.

Сессияда қоғам қайраткері Б.Тұрғараев, ұйғыр этномәдени бірлестігінің өкілі Д.Сасықов, ҚХДУ студенті А.Абдувахи, әзірбайжан этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары А.Гурбанова, жас кәсіпкер Д.Мамырханов сөз сөйледі. «Бірлігі жарасқан берекелі Шымкент» деректі фильмі көрсетіліп, соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

«Қызмет - ақпарат»

Пікір қосу


Қорғаушы код
Жаңалау

 
Барлық құқықтар қорғалған.
"Қызмет" интернет басылымы.