Ошибка
 
 
Қоғамдық штаб өкілдері Шымкентте Печать
29.05.2019 20:34

Кезектен тыс Президент сайлауының кандидаты Қ.Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы Шымкент қаласына келді. «Түркістан» сарайында өткен кездесуге республикалық қоғамдық штабтың штаб жетекшісі, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары М.Әшімбаев бастап, республикалық қоғамдық штаб мүшелері, Шымкент қаласының активі, әкімдік өкілдері, Шымкент қаласы мәслихаттың депутаттары, зиялы қауым өкілдері, мәдениет саласының қызметкерлері, ұстаздар, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.


Қоғамдық штабтың төрағасы М.Әшімбаев Қ.Тоқаевтың еліміз бен шетелде түрлі қызметтерде лауазымды атқарғанын, елдің дамуына сіңірген үлесіне тоқталып, кандидаттың сайлауалды бағдарламасының үш негізгі ұстанымы туралы баяндады. Кездесуде мәжіліс депутаты, Халық қаһарманы Б.Ертаев, тележүргізуші Д.Нұржігіт, қаламгер Н.Оразалин, «Егемен Қазақстан» АҚ президенті Д.Қыдырәлі, қоғам қайраткерлері Қ.Сұлтанов пен З.Тұрысбеков және «Достық» қауымдастығының төрағасы И.Хакимжанов сөз алып, кандидаттың бағдарламасындағы негізгі басымдықтарға тоқталды. Жазушы Н.Оразалин: «Қ.Тоқаевпен Сенатта бірге жұмыс істесе жүріп, сынап та қарап, сұрақ та қойған кезіміз болды. Дос та болсын, басқа болсын, үлкен мінбеден еліміз бен халқымыздың атынан сөйлейтін адамға сынмен қарау, ол – парыз!» деп, халықты өз сынынан өткен азаматқа қолдау көрсетуге шақырды.

"Қызмет - ақпарат"

Пікір қосу


Қорғаушы код
Жаңалау

 
Барлық құқықтар қорғалған.
"Қызмет" интернет басылымы.