Ошибка
 
 
Экологиялық туризм: Ақпараттық тур өтті Печать
28.06.2019 18:27

«Eco Camp» лагерінде өткен танымал туроператорлар, блогерлер және БАҚ өкілдеріне арналған 1 күндік ақпараттық турға «Қызмет» газеті тілшісі де қатысты. Ағымдағы жылдың 26 маусым күні «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ, Түркістан облысының туризм және көрікті жерлердің танымдылық әлеуетін арттыру мақсатында «Сайрам-Өгем» мемлекеттік табиғи паркінде орналасқан «Eco Camp» лагерінде өткен шараны Түркістан облысы «Türkistan tourism center» туристік ақпараттық орталығы ұйымдастырды.


Бұл турдың мақсаты таңғажайып табиғаты бар «Сайрам-Өгем» мемлекеттік табиғи паркінде орналасқан «Eco Camp» лагерінің танымалдығын арттыру және оның бағдарламасын көпшілікке таныстыру.

Тау бөктерінде орналасқан «Eco Camp» лагері туроператорлар өкілдері, блогерлер және БАҚ өкілдерін қонақжайлықпен күтіп алды. Қонақтарға вегетарияндық асханадан дәмді ас мәзірі жасалып, жергілікті жердің өсімдіктерінен дайындалған емдік шай ұсынылды. Сондай-ақ, мұнда осы лагерь орналасқан Батыс Тянь-Шань тауының Қасқасу шатқалындағы көрікті жерлерді тамашалай серуендеп ғана қоймай, атқа міну, альпинисттер жібімен тауға өрмелеу, иогамен айналысу, моншаға түсу, кигіз үйлерде тұруға жағдай қарастырылған. Тур соңында қатысушылар арасынан іріктелген қыздарға жарты сағаттық арнайы семинар-тренинг өткізілді.

«Қызмет - ақпарат»

Пікір қосу


Қорғаушы код
Жаңалау

 
Барлық құқықтар қорғалған.
"Қызмет" интернет басылымы.