Ошибка
 
 
АПАТ: Қысқа-нұсқа Печать
28.06.2019 19:42

1. Дүйсенбі, 24 маусымда таңертең Түркістан облысы, Арыс қаласында орналасқан №44856 әскери бөлімінің қару-жарақ қоймасында өрт шығып, қуатты жарылысқа ұласты.

2. 2019 жылдың 24 маусымында сағат 10.00-де Арыс қаласындағы 3 орында жиналу бекеттері пункттері ашылды. Ақдала, 41 разъезд және Водозабор деп аталатын аумақтарға жиналған тұрғындарды әскери көліктер мен автобустар қауіпсіз аймақтарға көшірді. Жалпы саны 105 көлік жұмылдырылды. Эвакуациялау жұмыстары арқылы ауыр шығындардың алдын алуға мүмкіндік туды.

3. Арыс қаласында 45 мың тұрғын бар. «Бөген» суқоймасы қатаң бақылауда тұр және одан келер қауіп жоқ.

4. Төтенше жағдайға байланысты Ордабасы және Отырар аудандарында 2 госпитал жұмыс істеп тұр. Зардап шеккендердің көпшілігі Шымкент қаласында орналасқан облыстық аурухана және өзге де емханалардың көмегіне жүгінді. 70 адамға медициналық көмек көрсетілді. 3 адам қаза тапты.

5. Қала аумағын түн бойы ұлттық гвардияның 580 сарбазы мен 345 полиция қызметкері күзетті. Олар ұрлық-қарлықпен айналысып жүрген 3 адамды ұстады.

6.Бүгінде барша қазақстандықтар тарапынан көмек көрсету жөнінде ұсыныстар түсіп жатыр.

7. Өңірдің кәсіпкерлері төтенше жағдайдан зардап шеккендерге ақшалай және заттай көмек көрсетіп жатыр.

8. Зардап шеккендерге ұзақ мерзімге сақтауға жарайтын азық-түлік, ауыз су және үйлерін қалпына келтіруге арналған құрылыс материалдары қажет. Атап айтсақ, терезелер мен өзге де жабдықтар бойынша қолдау күтеді.

9. Апаттың ертесіне-ақ жақын ауылдар мен аудандардан азық-түлік пен киімдер жеткізілді. Мемлекеттік мекемелер бір күндік жалақыларын Арысқа аударуда.

10. Жедел штабтың және өзге де ынталы топтардың қызметі төтенше жағдай толық шешімін тапқанша жалғасады.

11. Төтенше жағдайға байланысты 22 қоныстандыру орны ашылды. Бұл орындарда 3566 адам бар. Оның 623-і – балалар. Көшірілген тұрғындар азық-түлікпен қамтамасыз етілген. Аудан, қала әкімдіктері жүктелген міндетке сай жұмыс атқаруда. Тұрғындарды эвакуациялық орындарға жеткізуін қадағалауда.

12. Қоныстандыру орталықтарының жұмысы төтенше жағдай толық шешімін тапқанша жалғасады. Қазіргі таңда Арыс қаласына кіру қауіпті. Жан-жағы қоршалған. Бұл мақсатта ҚР Ішкі әскерінің 1800 әскери қызметкері және 50 техника жұмылдырылған.

13. Арыстағы жарылыстан кейін Түркістан облысының әкімі Ө.Шөкеев әлеуметтік нысандар мен үйлерді өзі аралап, ғимараттардың жай-күйімен танысты. Атап айтсақ, жарылыстан зақым келген балабақша, қалалық аурухана, ішкі істер бөлімі және тұрғын үйлерді аралап көрді. Келтірілген шығын көлемі үкіметтік комиссия жұмысынан кейін анықталады.

«Қызмет - ақпарат»

Пікір қосу


Қорғаушы код
Жаңалау

 

Соңғы пікірлер

 
Барлық құқықтар қорғалған.
"Қызмет" интернет басылымы.