Ошибка
 
 
Түрлене бер, Түркістан! Печать
04.07.2019 16:40

Кезінде Түркі әлемінің астанасы болған көне Түркістан, күннен-күнге түрленуде, жаңаруда, жақсаруда. Киелі қаламызда бүгінгі күні құрылыс қарқынды түрде жүруде. Атап айтсақ: Түркістандағы Бекзат Саттарханов атындағы орталық алаң енді көркейе түспек, яғни, мұнда қала халқы кешкісін қыдырып, отбасымен демалатын жаңа саябақ салынады.


Сондай-ақ, қала көшелерінде, саябақтар мен гүлзарларда алуан түрлі гүлдер мен қылқан жапырақты ағаштар, вертикальді көгалдандыру элементтерін отырғызу жоспарлануда. Су арнасының бойымен веложолдар, жаяу жүргінші жолдары салынуда. Облыс орталығы болып өзгергелі, қаланың көшелерінде де біршама тәртіптер орнатылды. Қала халқының еріктілері, әр сенбі сайын «сенбілік» ұйымдастырып, қаланың тазалығына үлестерін қосып отыр. Бір жылда халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында облыста ауқымды жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, көп балалы аналарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету мөлшері орта есеппен 40 пайызға артып, 2019 жылы 103464 мыңнан астам отбасы өтініш білдірген. Оның 65946-на атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Түркістан облысы бойынша жыл соңына дейін 1032 көпбалалы отбасы пәтермен қамтамасыз етіледі. Бұдан бөлек, 2019жылдың бесінші айында барлығы 1724 пәтер тапсырылған. Жыл қорытындысымен 50 тұрғын үй, 2613 пәтер пайдалануға берілген. Ал биыл жеті нысан пайдалануға беріледі. Олар – облыс әкімдігі, Астана алаңы, Медиа орталық, Олимпиадалық резервтегі спорт мектебі, саябақ, музыкалық мектеп, халыққа қызмет көрсету орталығы. Сонымен қатар, экологиялық, тарихи-мәдени және танымдық бағытта 57 туристік маршрут әзірленді. Соның бірі – Қасқасу туристік-рекреациялық кешені, «Ұлы жібек жолы» ұлттық қолөнер шеберлері орталғын жасақтау, Шығыс базары. Түркістанның әлеуметтік-эканомикалық дамуымен қатар, Түркістанның идеологиялық негіздемесін қалыптастыру бойынша төрт бағыт айқындалған еді. Олар: біріншіден, Түркістан-қазақ халқы мен түркі тілдес елдердің ең ірі зиярат және туризм орталығы. Екінші, Түркістан-әлемдік деңгейдегі қолөнер мен шеберлер орталығы. Үшінші, Түркістан-Ұлы жібек жолының бойында орналасқан ірі сауда орталығы. Төртінші, Ахмет Ясауи – рухани тұлға. Міне, осы төрт бағыт бойынша идеологиялық жұмыстар қолға алынуда. Бұлардың бірқатары Түркістан облысының бір жылдығы аясында басталып та кетті.

Сондай-ақ, облыстағы автомобиль жолдары да, облыс әкімдігі өкілдерінің мәлімдеуінше 2019 жылдың қорытындысы бойынша қанағаттанарлық. Автомобиль жолдарының үлесін 74,1 пайызға дейін арттыру жоспарланып отыр. Жаңадан құрылған облыс орталығында көлік инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жүруде. Тізе кетсек: 15,2 шақырымға созылған «Жаңадан салынатын әуежайға баратын жол құрылысы», «Түркістан-Шәуілдір» автомобиль жолының 70 шақырымын қайта құру, отыз шақырымдық «Түркістан қаласының шығыс айналма жолының құрылысы», Кентау қаласы жағынан кіретін Түркістан қаласына кіре беріс автомобиль жолын қайта құру, «Түркістан қаласында халықарлық жаңа әуежай салу», «Түркістан қаласына жаңа автовокзал салу». Автокөлік жолдарын сөз еткенде Түркістан қаласындағы, қатынайтын автобустар жайлы айтпау мүмкін емес. Түркістан қаласындағы тұрақты бағыттарға, шағын 270 автобуспен бір тасымалдаушы қызмет көрсетіп жатыр. Бұл автобустардың жартысынан жуығы көне автобустар. Әкімдік өкілдері бұл мәселені 2019 жылдың бірінші жарты жылдығында шешілгенін айтып отыр. Қалаға 16 жаңа автобус сатып алынған. Алдағы уақытта тағы да 10 автобус сатып алу жоспарлануда.

Одан бөлек, биыл облысымызда құны 2,9 миллиард теңге тұратын 7 жоба іске асырылады және 75 нысанды іске асыруға 3 миллиард теңге қосымша қаражат бөлу туралы шешім қабылданған. «Бұл қаржы аудан орталықтарын ретке келтіруге үлкен мүмкіндік береді. Түркістан халқының бос уақытын өткізетін керемет жерлері пайда болады. Қазіргі таңда Түркістан қаласы бойынша Арбат, желілік саябақ, Аттракциондар бағы, Тұңғыш Президент бағына ұқсас төрт ауқымды жобаның құрылысы жүруде. Жалпы, абаттандыру алаңы 100 гектардан аса аумақты алып жатыр.

«Облыс орталығын көгалдандырудағы мақсаты болашақта микроклиматқа оң әсерін тигізеді» – дейді мамандар. Түркістанда қарқынды жүріп жатқан құрылыс Түркістанды көз алдымызда өзгертуде. Дубайдың ыстығынан кем емес Түркістан әлі де бас қаламыз Нұр-Сұлтан секілді адам танымастай өзгеретініне сенеміз. Түрлене бер, Түркістан.

Гүлзат МҰХТАРҚЫЗЫ

Пікір қосу


Қорғаушы код
Жаңалау

 
Барлық құқықтар қорғалған.
"Қызмет" интернет басылымы.