Ошибка
 
 
Мемқызметші боламын деген жастар көп Печать
28.09.2019 13:27

Президенттік кадр резерві

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев Ақпараттық-коммуникациялық орталықта Президенттік жастар кадрлық резервіне іріктеу бойынша баспасөз брифингін өткізді.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Игілік барашаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасында елде Президенттік кадрлық резервті қалыптастыру қажеттігі туралы жариялады.

Президент тарапынан Қазақстанда алғаш рет дарынды жастар қатарынан іріктелген азаматтарды басшы лауазымдарға тағайындау мүмкіндігі беріліп отыр. ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі осы бастаманың бас үйлестірушісі болып табылады.

Осы орайда, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық жас қазақстандықтар резервке іріктеуден өтуге және елдегі жоғары мемлекеттік, басқару лауазымдарына тағайындалу мақсатында онлайн платформа арқылы өтінімдерін жолдауды бастады.

Іріктеу барынша ашық өткізіледі, оған 35 жастан аспаған, жоғары білімі және кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар жас азаматтар қатыса алады.

Резервке қосылуға ынталы азаматтар үшін бірнеше кезеңнен өтуі қажет:

1) кандидаттардың теориялық білім­дерін тестілеу;

2) көшбасшылық қасиеттерді, сыни ойлау деңгейін, стратегиялық көзқа­ра­сын, үміткерлердің уәждемесі мен құн­дылықтарын бағалау (эссе жазу, жобаларды таныстыру, сұхбаттан өту және бағалаудың басқа да құралдары);

3) Президент Әкімшілігінің Сарап­шылық комиссиясында әңгімелесу;

4) Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында қарау.

Департамент басшылығы брефингтен соң қала жастарымен Президенттік кадр резерві туралы арнайы семинар өткізді. Семинар кезінде кадр резерві туралы түсініктеме беріліп, құжат қабылдау талаптары туралы айтылды. Жастар жағы да қызығушылық танытып, көкейлерінде мазалаған сауалдарға жауап тапты. Жобаға қызыққан жастар көп болып, онлайн өтінім беретіндер қатары мол болды.

"Қызмет-Ақпарат"

Пікір қосу


Қорғаушы код
Жаңалау

 
Барлық құқықтар қорғалған.
"Қызмет" интернет басылымы.