Ошибка
 
 
Ордабасылық оқушыларға деструктивті діни ағымдар жайлы түсіндірілді Печать
27.12.2019 10:22

Дін саласындағы тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында 2019 жылғы 25 желтоқсанда Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауыл округіне қарасты Б.Нұрлыбеков, «Ынтымақ», «Достық», М.Исламқұлов жалпы орта мектептерінде жоғары сынып оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен басқосу жиыны өтті. Ұйымдастырылған шараға арнайы келген облыстық қоғамдық даму басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің маманы Б.Өтеген қатысты.


Қатысушыларға қоғамда көрініс беретін деструктивті діни ағымдардың іс-әрекеті мен олардың зиянды тұстары түсіндіріліп, діни әдебиеттерді қолдануда тек рұқсат етілген ақпараттарды пайдалану жөнінде кеңінен ескертілді. Жиын барысында дін саласына қатысты көкейтесті бірқатар сұрақтарға жауаптар берілді.

Бұл шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады дейді Шұбарсу ауыл округі әкімдігінің қызметкерлері.

Пікір қосу


Қорғаушы код
Жаңалау

 

Соңғы пікірлер

 
Барлық құқықтар қорғалған.
"Қызмет" интернет басылымы.