Ошибка
 
 
505 мың теңге салып, 101 мың теңге сыйлықақы ала аласыз! Печать
30.12.2019 12:20

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Шымкент қаласында жаңа кеңес беру орталығын іске қосты. Жаңа заманауи форматта жабдықталған Кеңес беру орталығы Қонаев гүлзары мен Рысқұлов көшесі қиылысында орналасқан. Бұдан былай, ТҮҚЖ банкі барлық кеңес беру орталығында Клиенттер тек депозит ашып қана қоймай, сондай-ақ, несие рәсімдеу үшін өтінім беріп, несие бойынша өз мүмкіндіктерін алдын-ала бағалай алады.


Шымкент қаласында Кеңес беру орталықтары төмендегі мекен-жайларда орналасқан:

- Т.Рысқұлов көшесі, "Гипер Хаус" сауда орталығы;

- Д.Қонаев даңғылы, "Алтын" сауда үйі

- А.Асқаров көшесі, 32 үй

- Т.Рысқұлов көшесі, "Теріскей" сауда үйі.

- «Нұрсәт» мөлтек ауданы, Халықты жұмыспен қамту орталығы ғимаратында.

 

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің кез келген бөлімшесінде немесе Сізге ыңғайлы уақытта және ыңғайлы жерге келетін кеңесшінің көмегімен бекітуге болады. Кеңесшіні www.hcsbk.kz сайтындағы «Сіздің кеңесшіңіз» бөлімі арқылы немесе ұялы телефоннан 300 нөміріне хабарласып шақыра аласыз (қоңырау шалу тегін).

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ — еліміздегі тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін жүзеге асыратын бірден-бір банк. Ұйым Еуропалық құрылыс жинақ кассалары федерациясына (ЕҚЖКФ) және Халықаралық тұрғын үйді қаржыландыру одағына кіреді. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің жалғыз акционері – «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ.

Бүгінгі таңда 1,5 млн қазақстандық, мемлекеттік қаржы институты Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне сенім білдіріп, 350 000 мың адам осы жылы депозит ашып салым жинақтауды бастады. Шымкент қаласы бойынша, 98 436 салымшы бар, жалпы жинағы - 49,9 миллиард теңгені құрап отыр. Кредиттік портфель - 43,4 миллиардты құраса, үстіміздегі жылы- 23,8 миллиард теңгеге – 2 190 заем берілді. ТҮҚЖБанкінде қаржысын жинақтай отырып, салымшылардың ең тиімді 2% - 8,5% аралығында баспана алу мүмкіндігі бар. Қаржысын жинақтай отырып, банк сыйлықақысынан бөлек, жыл сайынғы мемлекет сыйлықақысына да ие болады. Оның мөлшері 20% құраса, 505.000 теңге салып -101.000 теңге сыйлықақы аласыз! Ол үшін 31 желтоқсанға дейін, депозитті толтырып үлгеру қажет-деді ТҮҚЖБ Шымкент филиалы Директоры Сейітмамбетов Құдайберген.

Ал, енді банк бағдарламалары туралы жалпылама айта кетсек. "БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" бағдарламасы үстіміздегі жылдың шілде айынан бастап, табысы төмен отбасыларға арналған бағдарлама іске қосылды, яғни ЖАО-да кезекте түрған-көпбалалы жанұя, толық емес отбасы және мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар. Бұл бағдарлама аясында Қазақстан бойынша 4113 заем беріліп, оның ішінде 3,2 млрд теңгеге 250 заем Шымкент және Түркістан облысы бойынша берілді. Яки, 250 отбасы қоныс тойын тойлады.

"ƏСКЕРИ БАСПАНА" Бұл бағдарлама əскери қызметтегі тұрғын үй төлемақы алатын қызметкерлерге арналған. Банк, Отан қорғаушылар үшін жеңілдетілген пайызбен алғашқы жарнасы үй қүнының 15% бар болса, 8% мөлшерлемемен заем береді. Қазіргі таңда еліміз бойынша 75 168 əскери қызметкер өз салымдарын Банкте жинақтап жатыр. Оның ішінде Шымкент қаласы бойынша 7173 салымшы əскери қызметкер бар. Бағдарлама 2018 жаңа басталғанына қарамастан, екі жылда - 6592 əскери қызметкер жаңа үйде қоныс тойын тойлады. Шымкент қаласы бойынша -116 әскери осы бағдарлама бойынша пәтер кілтін алды.

"Қызмет-Ақпарат"

Пікір қосу


Қорғаушы код
Жаңалау

 

Соңғы пікірлер

 
Барлық құқықтар қорғалған.
"Қызмет" интернет басылымы.