ШЫМКЕНТ: ТҰРҒЫН АЛАБТАРДА ОРНАЛАСҚАН ҮШ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ МЕН БІР КЛУБ ЖАҢАРДЫ

    «Мәдениет ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, ақыл-ойы, парасаты» деп дана халқымыз тек айтпаса керек. Қарап отырсақ, жер бетіндегі өркениетті елдер ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанып, тек өздерінің төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылып жатады. Осындай халықтардың қатарына өзімізді яғни, қазақ халқында жатқыза аламыз.  «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы мерекелік іс-шаралардан бөлек түрлі бағытта қызмет атқарады. Атап айтсақ, «Мәдени және бос уақытты өткізу жөніндегі қызметті ұйымдастыру», «Би ұжымы», «Эстрада және дәстүрлі әртістер ұжымы», «Оркестр» ұжымы және «Шаруашылық-техникалық қамтамасыз ету» бөлімдері үздіксіз жұмыс жүргізуде.   Ал осы қалалық мәдениет үйіне қарасты тұрын алабтарда 5 мәдениет үйі мен 5 клуб бар. Атап айтқанда Қызылжар, Жаңаталап, Сайрам, Шапырашты, Қазығұрт тұрғын алабтарында 5 мәдениет үйі, сондай-ақ, Ақжар, Қайнарбұлақ, Көкбұлақ, Қаратөбе, Өтеміс тұрғын алабтарындағы 5 клуб халық игілігіне қызмет жасап жүр.  Мәдени нысандардың басты қызметі — талантты жастардың өнерін дамытып, оларға қолдау көрсету, қабілеті мен қызығушылығын арттыру, халыққа сапалы мәдени қызмет көрсету, ұлттық құндылықтарымызды сақтау және насихаттау. Бұдан бөлек, нысандарда түрлі үйірмелер ашылып, талантты балалардың өнерін шыңдап, болашағына қанат бітіруде. Біршама мәдениет үйі күрделі жөндеуден өткен. Нақтырақ айтсақ, “Жаңаталап”, “Сайрам”, “Шапырашты” мәдениет үйлері мен “Ақжар” клубы күрделі жөндеуден өтіп, жаңа ғимаратта түрлі мерекелік іс-шаралар өтіп келеді. Қалған мәдениет үйлері мен клубтарда жөндеу жұмыстары жоспарға қойылып, ретімен іске асуда.

Қызмет ақпарат

1563 символ

  • Related Posts

    Мемлекет басшысы отандық бизнес өкілдерімен кездесуде Үкіметке қосымша құн салығы мәселесін тағы да пысықтауды тапсырды

      Кез келген реформаны жан-жақты сараптап, байыппен жүргізген жөн. Экономика салаларының ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі нұсқаларды әзірлеу керек. Қосымша құн салығына қатысты бұған дейін көзқарасымды білдірмеген едім. Өйткені қызметтік дәрежеме…

    Қызмет ПДФ

     

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика