
Шымкент қаласы орталығынан шалғай жатқан елдімекендердің ішкі жолдарын жөндеу жұмыстыры қарқын алған.
Бүгін қала басшысы М. Әйтенов Алтынтөбе тұрғын алабындағы Өтебай, Жамалов және Нұрлыбай көшелеріне асфальт төсеу жұмыстарын тексерді.
Үш көшеге орташа жөндеу жұмыстарына арналып әзірленген сметалық құжаттамаға сәйкес, ұзындығы 1,0 шақырым Жамалов, Нұрлыбай көшелеріне 0,4 шқ құрайтын Өтебай көшесіне асфальт қабатын төсеу жұмыстары атқарылды.
Қала әкімі жұмыстардың бекітілген стандарттарға сәйкес тексеру жұмыстарынан кейін қабылданатынын атап өтті.
Мемлекет басшысының тапсырмаларына сәйкес бәсекеге қабілетті көлік инфрақұрылымын құру үшін қызмет сапасы мен транзит жылдамдығын арттыратын жаңа инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің айтуынша, биыл «Аманат» партиясы 2025 жылға дейін айқындаған жол-көлік инфрақұрылымын дамыту саласындағы міндеттерді іске асыру басталады.
Елімізде автожолдардың жалпы ұзындығы 96 мың шақырымды құрайды. Оның ішінде 25 мың шақырымы — республикалық маңызы бар күре жолдар, 71 мың шақырымы — жергілікті жолдар.
2021-2025 жылдар аралығында автожол саласында республикалық маңызы бар 12 мың шақырым автожол салынып, реконструкцияланады. Жыл сайын 200 мың адам жұмыспен қамтылады.
2020 жылға дейін республикалық маңызы бар 13 мың шақырым автожол қайта жаңартылды.
Биыл республикалық жолдардың 4,7 мың шақырымында жол-құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
3,6 мың шақырым автожол салынып, қайта жаңартылып жатыр.
Жыл қорытындысында 2,2 мың шақырым автожолды пайдалануға беру, 1,2 мың шақырым жолды ашу жоспарланған.
1,1 мың шақырым жолда орташа және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда 15 автожол жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Айта кетейік, тұрғын алаптағы тас жолдарды асфальттау жұмыстары Шымкент қаласының 2025 жылға дейінгі даму жоспарына сәйкес жүргізілуде.
2025 жылға дейін республикалық маңызы бар барлық автожолды қайта жаңарту үшін ұзындығы 4,3 мың шақырымда жаңа жобалар жүзеге асырылады.
Сондай-ақ 2021-2025 жылдарды 10 мың шақырым автожол жөнделеді.
Жыл сайын өңірлерде жергілікті атқарушы органдармен және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп қызметтердің барлық спектрін көрсететін жаңа заманауи нысандар салынады, қазір қолданыстағы нысандар халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келтірілуде.
Бүгінгі таңда республикалық автомобиль жолдары бойында 1854 қызмет көрсету нысаны жұмыс істейді. Оның ішінде 1070 нысан ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келеді.
Жыл соңына дейін 125 нысан салынады. Оның ішінде зәкірлі инвесторлар есебінен санитарлық тораптары мен тамақтану пункттері бар 38 жанармай құю станциясы, жеке инвестициялар есебінен және қайта жөндеу жұмыстары аясында 87 бірлік санитарлық-гигиеналық торап салынады.
Жыл соңына дейін 25,6 млрд теңге алым жиналады деп жоспарланған.
Қалған 5,2 мың шақырым жолда реконструкция жұмыстарының аяқталуына қарай ақылы жүйені 2024 жылдың соңына дейін енгізу жоспарланып отыр.
Жергілікті автожолдар желісін дамытудың маңызы зор. Жергілікті жолдардың ұзындығы 71 мың шақырымды құрайды.
Атқарылған жұмыстар есебінен өткен жылдары жергілікті жолдардың 75%-ы нормативтік жағдайға келтірілді.
Бүгінде өңірлер арасындағы облыстық және аудандық жолдардың жағдайы әртүрлі.
Жұмыс нәтижелері оң болды. Атап айтқанда, мердігерлік ұйымдар мен техникалық қадағалау сарапшылары материалдардың сапасы мен технологияның сақталуына баса назар аудара бастады. Биыл республикалық және жергілікті желілер бойынша жол-құрылыс жұмыстары толық сапа сараптамасымен қамтылады. Құралдық тексеру республикалық жолдар желісінің 18 мың шақырымына жүргізіледі. Оның нәтижесінде жөндеу жөніндегі іс-шаралар кешені әзірленеді