
Зейнеткерлерге арналған Белсенді өмір сүру әлеуметтік-медициналық орталығы жалғызілікті қарияларға күні бойы, 8 сағаттық күндізгі стационарлық жағдайда сауықтыру шараларын көрсететін арнайы бөлімше.
Қазір Шымкент қаласында 83 928 зейнеткер бар, оның 568-і жалғызілікті қариялар.
Сауықтыру бөлімшеде дәрігерлік тексеру, фитобар, емдік массаж бен физиотерапия кабинеті мен тұз шахтасы, сурет салу, қыш қолөнер шеберханасы мен еңбек терапиясы секілді 27 сауықтыру қызмет түрі бар. 25 орынға лайықталған бөлімде 3 мезгіл ыстық тама та қаралған.
Мекемеде 300-ге жуық зейнеткерге күнделікті 2 ауысымда 4 сағаттық арнаулы әлеуметтік қызмет түрлері көрсетіледі. Күн тәртібі дәрігерлік тексеруден басталады. Қарияларға қызмет көрсету үшін кардиолог, терапевт, невропатолог және физиотерапевт дәрігерлері жұмылдырылған.
Бұл жерде емдік дене шынықтырудан бастап йога, би, бильярд, үстел теннисі, тренажерлық жаттығулар да қаралған. Қызмет алушылардың кино, сенсорлық бөлме, кітапханада демалуға мүмкіншіліктері бар. Белсенді өмір сүру ұзақтығын қалыптастыру мақсатында дендросаябаққа, театр және спорт кешені мен бассейнге бару кестесі де түзілген.
Орталық қызметін алуға ниеттенген зейнеткерлер қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына өтінім қалдыруы қажет. Әрі қарай кезектік негізде емдеу-сауықтыру іс-шараларымен қамтылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, биыл қыркүйекте республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 244,8 млрд теңге, оның ішінде, базалық зейнетақыны төлеуге – 74,5 млрд теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге 170,3 млрд теңге бөлінді.
1 қазандағы мәлімет бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 261 мың адам.
2022 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 109 171 теңге болды.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.
Мемлекет аға буын адамдарын әлеуметтік қорғау, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды дәйекті түрде қабылдауда.
Елдің зейнетақы жүйесін одан әрі жаңғыртудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес базалық зейнетақы мөлшері жыл сайын инфляция деңгейіне, ал ынтымақты зейнетақы мөлшері инфляция деңгейінен 2% – ға оза отырып индекстеледі.
Мемлекет Басшысы Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақымен қамтамасыз етудің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар шараларды атап өтті. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54% – ынан 70% — ына дейін, ал ең жоғары мөлшері 100%-ынан 120%-ына дейін кезең-кезеңімен арттырылатын болады.
Бұдан басқа 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін қабылданатын ең жоғары табыстың шамасын 46-дан 55 айлық есептік көрсеткішке дейін арттыру жоспарлануда.
Ұсынылып отырған шаралар 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ға арттыруға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қарт адамдарды қолдау, олардың әлеуметтік қызмет көрсету деңгейін арттыру, қоғамдық өмірге тарту бойынша шараларды іске асыруда.
Республикада 51 Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылып, белсенді жұмыс істеуде. Орталықтардың жұмыс істеуіне жергілікті бюджеттерден бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 2022 жылы 2,4 млрд теңгеден асты.
Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтары «бір терезе» қағидаты бойынша үш бағытта жұмыс істейді: белсенді ұзақ өмір сүру, денсаулық мәдениеті және жұртшылықпен байланыс. Орталықтардың қызметі егде адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға, өнімді және белсенді ұзақ өмір сүруді ынталандыруға, оның ішінде жүйелі бос уақытты ұйымдастыруға (йога, скандинавиялық жүріс, ат-сауаттылықты арттыру, мотивациялық және кәсіпкерлік курстар, ағылшын тілі курстары және т.б.), егде жастағы адамдарды тәуелсіздікпен қамтамасыз етуге, қазақстандық қоғам өміріне қатысуға бағытталған, — делінген хабарламада.
Больше историй
Положения Конституции, как основного закона государства
ПРЕЗИДЕНТ БАСТАМАСЫМЕН ЖҮЗЕГЕ АСҚАН САЯСИ РЕФОРМАЛАР МЕМЛЕКЕТТІҢ ДАМУЫНА ТЫҢ СЕРПІН БЕРДІ
ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ – ДАМУДЫҢ НЕГІЗІ