БИЫЛ ҚОЖА АХМЕТ ЯСАУИДЫҢ ТУҒАНЫНА — 930 ЖЫЛ

Әл-Фараби ауданының жастар ресурстық орталығы мен Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы қызметкерлері бірлесе отырып, Қожа Ахмет Ясауидың туғанына — 930 жыл толуына орай, жасөспірімдер кітапханасында тарихи еске алу кеші ұйымдастырылды.

Аталмыш іс-шараға  Шымкент қаласы, дін істері басқармасы ДМЗО КММ-нің теологы — Айтаев Икрам Сатыбалдыұлы, Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық «Ордабасы» мешітінің бас имамы – Керімбек Ахметжан Пірәліұлы, журналист Әбдісаттар Әліп, тарихшы Мұхит Мразов пен М.Өтебаев атындағы колледжінің жастары қатысты.

Қожа Ахмет Ясауи (1093-1166) — қазақ халқының байырғы мәдениетінің тарихында айрықша орны бар ұлы ақын, сопылық поэзияның негізін салушы, күллі күншығыс мұсылмандарының рухани ұстазы болған ұлы ойшыл, діни қайраткер.

Кеш барысында Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың өмір жолы мен құнды еңбектері жөнінде айтып, тарих тұлғаларын ұмытпауға шақырды. Сонымен қатар, кешке келген өнерпаз жастар өз өнерлерін көрсетіп, үлкендердің ақ батасын алды. Қазақ әдебиеті бір арнаның ғана тоғысуы емес, бірнеше жанрлар мен еңбектердің және де мың тағдырлардың арқасында дүниеге келген рухин азық. Бүгінгі күні қоғам алдында зиялы тұлғалардың педагогикалық ақыл –ой мен тәлім- тәрбиелік тәжірибені көздеп, замана талабына сай жетілдіре отырып, пайдалану көзделген. Бүкіл бір халықтың ішкін жан дүниесіне үңілу үшін оның  әдебиетін жетік білу керек. Сонда ғана оның тарихы мен мәдениеті сүт бетіне шыққан қаймақтай көзге көрініп тұрмақ. Жалпы алғанда Яссауи мұраларын бірден оқып кету мүмкін емес. Оның еңбектері күрделі әрі оларды тез меңгеріп алу да қиын. Оның әрбір еңбегінде мән бар. Философиялық болсын, әдеби және діни, психологиялық жағынан алып қарасақ та, әлеуметтік, тіл және де тағы басқа да тәлім-тәрбиелік мәні бар дүниелері кең қарастырылған. Сондықтан болар ол мұраларды ұқыптылықпен талдау отырып оқу және оны сүзгіден өткізу қажет. Тарих табалдырығын аттаған əрбір ұлы адам тек қана еселі еңбек қалдырмайды. Өзі де жұмбақ ғұмыр кешеді. Олардың əрқайсысы өздері өмір сүрген кезеңнің төл перзенті бола тұрып, бір мезгілде ғасырларды көктей алға озып кетуі де, бір мезгілде өзінен бұрын өтіп кеткен көне дəуірлермен іштей үндесіп жатуы да мүмкін…

Қызмет ақпарат

1931 символ

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика