
Ұлттық спорт жанкүйерлерінің ойынан наурыз айында өткен. «ҰЛЫ ҚАЗАҚ ОЙЫНДАРЫ» этнофестивалінің дүбірі әлі кете қойған жоқ. Жаңа иппордромның шаңын қағып өткен ат спорт ойындарының ішінде Жамбы ату ойынында қиқулаған көрермен көп болды. Аталған ойын қаақ даласынан шығып, әлем аралап кеткелі қашан. Сондықтан да бүгінде жамбы атуды бірнеше стилге бөліп қарастыруға болады. Осыны ескерген ұйымдастырушылар бұл сайыста қатысушыларға 3 стилде өненр көрсетуге мүмкіндік берді.
Бұл ойынға ат құлағында ойнау аздық етеді. Оған қоса қатысушының мергендік, ептілігі де сынға түседі.
Жамбы атуда түрік стилі бойынша ойын алаңына шыққандардың ішінде 1-орынды Battulga Otgon- Ulzii, Mongolia иеленсе, 2-орынға Yeralkhan Aikoz Kazakhstan Turkistan шықты. 3 орын Bakdovlet Babozhan.Kazakhstan еншісінде.
Ал, корей стилі бойынша 1-орынның тұғырына Айтбек Сарбай көтерілді ( Қазақстан, Түркістан облысы) 2-орын Темужин Тсогткуудың қанжығасында кетті (Монғолия). 3-орын Ералхан Айкөзге бұйырды ( Қазақстан, Түркістан облысы).
Қазақ стилі бойынша
1-орынды Bakdovlet Babozhan, Kazakhstan
2-орынды Aytbek Sarbai.Kazakhstan. Turkistan
3-орынды Yeralkhan Aikoz Kazakhstan. Turkistanөзара бөлісті.
Жамбы ату ұлттық ойыны бойынша үш стилдіқосқандағы ойын нәтижесінде
1-орын Bakdovlet Babozhan, Kazakhstan
2 —орын Yeralkhan Aikoz Kazakhstan. Turkistan
3-орын Aytbek Sarbai Kazakhstan. Turkistan бұйырды.
*Тақырыпқа орай
Қазақта жамбы алтын немесе күміс сияқты бағалы металдан жасалған құнды бұйым. Пішіні ірі қара немесе ұсақ малдың тұяғы мүсіндес болғандықтан тайтұяқ, қойтұяқ, аттұяқ, асық жамбы, бесік жамбы, түйекөз жамбы, қойбас жамбы деп аталған. Құнды болғандықтан ертеде ақшаның орнына да жүрген. Тарихта жамбы орта ғасырда бағалы эквивалент ретінде танымал болғаны жайлы дерек бар. Бұл ойынның көшпелі халқымыз бүшін басты мақсаты әскери-жауынгерлік дайындықты жетілдіріп отыру болған. Сондай-ақ ел арасындағы бейбіт өмірде мергендерді анықтап оларды көтермелеу үшін де қажет болған. Соғыс кезінде сыналғансадақшылардан арнайы топ құрып күштік құрылым ретінде пайдаланған.
Жамбы атуға ұқсайтын ұлттық ойындар басқа халықтарда да бар. Олар металдан жасалған бұйымның орнына табиғи ерекшеліктеріне сай басқа да бұйымдарды пайдаланған. Бірақ ойын ережесінде ұқсастық көп. Заманауи жамбы ату ойынының Шымкентте өткен Наурыз тойында бірнеше стилде өтуі осы ұқсастықты көрсетті.
Қызмет (2000)