
Соңғы жылдары елімізде жастар арасындағы суицид көрсеткіші алаңдатарлық деңгейге жетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 15–29 жас аралығындағы жастардың өлімінің негізгі себептерінің бірі — өз-өзіне қол жұмсау. Бұл сандық деректердің артында шынайы өмір мен үміті үзілген жас тағдырлар тұр. Неліктен жастар мұндай қадамға барады? Бұл қауіпті үрдісті қалай тоқтатуға болады?
Суицидтің басты себептері — психологиялық күйзеліс, отбасылық түсініспеушілік, әлеуметтік қысым мен жалғыздық. Жасөспірімдер өз ойларын, ішкі күйзелісін бөлісе алмағанда, өзін естімеген, түсінбеген ортада тұншығады. Мектептегі оқу жүктемесі, жоғары нәтижеге деген қысым, қоғамдағы сәтсіздікке деген төзімсіздік, әлеуметтік желілердегі жасанды «жетістіктер» — бәрі бірге қосылып, адамның өзін төмен бағалауына, өмірден мән жоғалтуына алып келеді.
Көп жағдайда ата-ана баласының жағдайын кеш байқайды. «Тыныш бала», «өзінше жүреді», «бұрынғыдай емес» деген сөздер кейде үлкен қауіптің белгісі болуы мүмкін. Өкінішке қарай, көптеген жасөспірімдер өз ойымен оңаша қалып, көмек сұрауға батылдары жетпейді.
Бұл мәселені шешу үшін кешенді амал қажет. Ең алдымен, психологиялық көмек қолжетімді болуы керек. Әр мектеп пен колледжде кәсіби психолог жұмыс істеп, жастармен ашық әрі сенімді диалог орнатуы тиіс. Сонымен қатар, ата-аналар балаларын тек оқуы мен тәртібі арқылы ғана емес, оның көңіл-күйіне, ішкі жан-дүниесіне де көңіл бөліп, қолдау көрсетуі маңызды.
Мектептерде эмоционалды интеллект, стреспен күресу және өзін-өзі тану бағытында арнайы сабақтар енгізу қажет. Сонымен бірге, суицидтің алдын алу бойынша әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, сенім телефондарының (мысалы, 150 – психологиялық көмек желісі) насихатын арттырған жөн.
Суицид — үнсіз жасалатын айқай. Ол – ескерусіз қалған көмек сұрауы. Әрбір жастың өмірі қымбат. Оларды құтқару үшін қоғам болып, жанашырлықпен әрекет етейік.
Автор: Аятбек Шұғыла Болатбекқызы
озымнын ойымша бул оте жаксы айтылган
Өте жақсы. Еліміз аман,жұртымыз тыныш болсын.Балаларымыз бақытты болсын
Толықтай келісемін және керемет жазылған! Осындай маңызды тақырыпты көтергеніңе рақмет. Мақалаң жүрекке жетті ❤️
Суицид – тек жеке адамның емес, тұтас қоғамның да дерті. Бірге күресейік!
Керемет, келісемін! 👏🏻👏🏻👏🏻
Отличная статья! Правильная идея и подход к решению этой проблемы!
Өте керемет тақырып қозғалып отыр екен қазіргі жастар арасында болып жатқан яғни мектеп оқушылары арасында болсын,студенттер арасында болсын болып жатқан жағдай әрине өте ауыр тақырып айтудың өзі қорқынышты жаста болсаңда өзіңе сеніп жазыпсың керемет жазылған біз саған сенеміз! Жастар біздің болашағымыз ,болашағымызға үміт артамыз.Жарайсың Шұғыла қызым сен нағыз өз мамандығыңды таңдадың!!!
Керемет жастар біздің болашағымыз 👍🏻
Өте нақты және түсінікті мәтім керемет!
Керемет жазылыпты
Оте жаксы жазылган,ман магыналы,соз жок👍👍👍👍