БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

 

Шымкент қаласындағы №41 мектеп-лицейде ҚР Президентінің Жолдауы аясында білім саласының қызметкерлерімен арнайы кездесу өтті. «Аманат» партиясы Шымкент қаласы Еңбекші аудандық филиалының сектор меңгерушісі Мұхтар Ақбердиев, мектеп мұғалімдері Жолдауды жүзеге асыру мәселелерін талқылап, білім саласына жүктелген міндеттер бойынша өзара пікір алмасты.

М.Ақбердиев Президент Жолдауындағы білім саласын ілгерілету, адам капиталын дамытудағы басым бағыттарға жан-жақты тоқталды. Еңбекші ауданында бұл бағытта барлық бастауыш партия ұйымдарында кездесулер ұйымдастырылуда.

– Жолдау аясындағы тапсырмаларды орындау бойынша ауданда бастауыш партия ұйымдары, мектепке дейінгі мекемелер, мектеп мұғалімдері белсенділік танытып келеді. Еліміздің болашағы – жас ұрпақты тәрбиелеуде ұстаздарға жүктелер міндет ауқымды. Алдағы уақытта партия мүшелерімен бірлесіп, жұмыстар атқарамыз, – деді М.Ақбердиев.

Мектеп директоры А.Сарымсақова білім саласына қатысты нақты тапсырмаларды бірлесе орындау қажеттігін айтты. Тарих пәнінің мұғалімдері Л.Мырзақұлова, И.Бақтыбаев білімді ұрпақты тәрбиелеу бойынша баяндама жасады.
Мектепке дейінгі ұйымдар, мектептердегі бастауыш партия ұйымдары, медициналық мекемелерде кездесулер одан әрі жалғасын табады.

  • Related Posts

    Үйдегі қысым: Еркектік пе, әлсіздік пе?

    Кейде сырттай бәрі жақсы көрінетін отбасының ішінде үлкен қасірет жасырынып жатады. Көп әйел мен бала күнде қорқынышпен өмір сүреді – өйткені үйдің ішінде тыныштық жоқ. Себебі – үйдегі қысым, еркектің…

    Жастар арасындағы суицид: себептері мен алдын алу жолдары

      Соңғы жылдары елімізде жастар арасындағы суицид көрсеткіші алаңдатарлық деңгейге жетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 15–29 жас аралығындағы жастардың өлімінің негізгі себептерінің бірі — өз-өзіне қол жұмсау. Бұл сандық…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика