Кітаппен достық бала шақтан басталады

Қазіргі таңда ата-аналарда баланы қай кезден бастап кітап оқуға баулуға болады деген сауал толғандыратын болып жүр. Мен  Шымкент қаласындағы  №60 «Тараз» бөбекжай бақшасы     «Жасұлан» ортаңғы топтың тәрбиешісімін.  Бүгін балалармен жұмыс барысында осы тақырыпта жиған-тергендерімді бөлісуді жөн көріп отырмын.

Егер сіз  смартфонды қолдарынан тастамай ойнайтын, бүгінгі балалардың кітапқа деген қызығушылықтарын ояту мүмкін емес деп ойлайтын болсаңыз жаңылысасыз. Баста бізде де сондай ой болған.  Мұндайда не істеуге болады деген сұрақтың жетегінде жүріп,  мектепке дейінгі мекемеде «Кітап асыл қазынам» атты жобаны бастадық. Бұл жобаға тәрбиешілер мен қатар ата-аналарды да қатыстыруды жөн көрдік.  Ата-аналармен әңгімелесу барысында тез ортақ тіл табыстық. Әрқайсымыз өз міндетімізді анқытап алдық. Біз балабақшада баланы балаларға арналған кітаппен таныстырып, сол кітаптардан әңгімелер, ертегілер оқып беретін болып келістік. Ал, ата-аналардан балаларды аптасына кем дегенде бір   рет кітапханаға апаруын өтіндік. Оған қоса үйде ата-әжелерінің кітап оқып беруін тапсырдық.  Өз тарапымыздан балабақшада балаларға арналған кітаптардың көп болуына күш салдық.  Бала кітапты кез келген уақытта қолдана алатындай, кітап сөрелерін қол жетімді жерде орналастырдық.

Біздің бұл жұмысымыз көп уақыт өтпей-ақ жемісін бере бастады. Балалбақшаға келген балдырғандар топқа кіре салысымен кітапқа ұмтылатын болды. Осылай біз балабақшадағы күн тәртібімізге кітап қарау, оқыту уақытын енгіздік. Бүлдіршіндер кітапты отырып та, жатып та парақтауға дағдыланып алды. Парақтап болған соң, тәрбиешілер кітап оқуды бастайды. Балдырғандар апайларын айнала отырып тыңдайды. Оқып болған соң, олардан әңгіме немесе ертегінің ұнағаны туралы сұраймыз. Келесі күні қандай кітап оқитынымызды келісіп аламыз. Қазір балаларымыз кітаппен достасып үлгерді.

. Мүмкін әріптестерімізге, ата-аналарға керек болып қалар деген оймен бүгін Ақылдым журналы арқылы осы тәжірибемізді бөлісіп отырмыз.

Бейсенбаева Айнұр Сапабекқызы,

 

 

Шымкент қаласы, №60 «Тараз» бөбекжай бақшасы

«Жасұлан» ортаңғы тобының тәрбиешісі.

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика