Шымкентте көшелерді қардан тазарту жүйелене бастады

 

Қар жауған алғашқы күні  тиісті орындар абдырап қалғандай көрінген. Әлеуметтік желіде Шымкенттің көшелері қардан тазаланбай жатыр, қысқа дайындығының сыйқы осы ма, дегендей сыни пікірлер бірінен соң бірі айтылды. Тіпті жауған қардан да көп болып кеткендей әсер қалдырды. Түс ауа тиісті мекемелер мен аудан әкімдері жүргізген жұмыстарының есебін бере бастады. Ертеңіне әлеуметтік желі «сабасына» түсті. Қала көшелерін қардан тазалау жұмысы да жүйеленіп, жұмыс кестесі түзіліп коммуналдық мекемелер  қысқы режимде жұмыс істей бастады.

Бүгін жауған қар, алғашқысындай халықты да, коммуналдық мекемелерді де әбіржіте қойған жоқ.

Күре жолдар тоғысқан, көлік қатынасы белсенді Әл-Фараби ауданы аумағында орталық көшелердегі қарды тазалауға  35техника жұмылдырылып, іске кірісті. Тазалық жұмыстарын  «Build Stroi»  ЖШС-і жүргізіп жатыр.  Тұрғындарға қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау мақсатында бес бағыт бойынша қолға алынған жұмыстардың ішінде  орталық көшелердегі аяқ жолдарды және аялдамалардағы қарды тазартуға 185 адам жұмылдырылды.

Сондай-ақ, таң қылаң бері жұмысқа кіріскен техникалар  көмегімен аудан аумағындағы жолдар мен аяқжолдарға 375 текше метр  инертті заттар себіліп шықты.

Аудан аумағындағы көпқабатты тұрғын үй аулалары мен, ішкі орам көшелерді және кіре беріс алаңдарының алдын қардан тазарту жұмыстары да үздіксіз жүргізілуде. Бұл жұмыстармен «Жасыл ел» ЖШС-і айналысып жатыр. Аталған мекемеден бұл жұмыстарға 13 техника 110 жұмысшы тартылып отыр.

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика