2023-03-28

ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫНАН 7,7 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Spread the love

Шымкент қаласында азық-түлік бағасын тұрақты ұстап тұрумақсатындағы қордың айналым қаржысы тағы да толықты.  Соның арқасында қазір қаладағы 50-жуық сауда  орнындакөпшілік тұтынатын әлеуметтік тауарлар мейілінше арзанбағада сатылуда.

​Қала бойынша бүгінгі таңда 4  ірі сауда желісінің 47 дүкенінде  тауар сапасы да, бағасы да осындай. Олартұрақтандыру қорынан бөлінген қаржы есебіненқымбатшылықты ырқына жібермей отыр. Сауда үйініңөкілдері ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретіншаруашылықтармен тікелей байланыс орнатқан.

​ САУДА ЖЕЛІСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ МАРАТ ЫСТЫБАЕВ,

​қай жерде баға тиімді болады. Басына барып, егінегілген жерден тікелей осы жерге алып келіп береді, бағаны қолжетімді етіп ұстап тұрудың бар құпиясы осы болып тұр дейді.

Жалпы қаладағы азық-түлік бағасының жайын арнайықұрылған  4 мониторингттік топ  тексеріп, қадағалау жасайды. Қадағалауға әлеуметтік  корзинаны құрайтын 19 түрлі азық-түлік жатады. Осы азық-түліктердің бағасыныңкөтеріліп кетпеуі осы мониторингтік топтың бақылауында.

​ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫЖӘНЕ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ҚАЙРАТ БАЗАРБЕКОВтың айтуынша

​ағымдағы жылы сауда үстемесін 15 пайызданжоғарылатқан 4 дүкенге ескерту берілген. Егер бұл жағдай тағы да қайталанатын болса әкімшілік айыппұл салынатынболады.

​Сондай-ақ қымбатшылыққа жол бермеу үшінмегаполисте аптаның 4 күнінде жүйелі түрде азық түлікжәрмеңкесі өткізіліп келеді. Жыл соңына дейін әлеуметтікмаңыздағы тауарларды арзан бағамен сататын тағы 7 дүкеніске қосылады деген жоспар бар.

ӘМАТ тізбесіне 19 атау кіреді. Олар:
1-сұрыпты бидай ұны, 1-сұрыпты бидай наны (қалыпты), рожки (салмақтық), қарақұмық жармасы( ядро, салмақтық), тегістелген күріш (дөңгелек дәнді, салмақтық), майлылығы жұмсақ 2,5% пастерленген сүт, майлылығы жұмсақ 2,5% айран, майлылығы 5-9% сүзбе, күнбағыс майы, сары май( тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толтырғыштары мен өсімдік майлары жоқ), 1-санатты тауық жұмыртқасы, ақ қант — құмшекер, сиыр еті (сүйектері бар жауырын-төс бөлігі), тауық еті (аналық және Берц сүйегі оған іргелес жұмсағы бар), тағамдық ас тұзы («Экстрадан» басқа), қырыққабат, басты пияз, асханалық сәбіз, картоп («әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 наурыздағы № 145 қаулысына сәйкес).

Яндекс.Метрика