ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕ

Суицид және терроризм мен экстремизм заманауи өркениетке басты қауіп-қатер. Соңғы кезде елімізде өзіне қол жұмсау оқиғалары орын алуда. Бұған байланысты мамандар өздерінің әртүрлі пікірлерін білдіріп жатыр. Мысалы, психолог-мамандар бұл оқиғаларға байланысты «адамның ішкі сезіміндегі үмітсіздік, өмірден күдер үзу» деп бағалап жатса, ал кейбір сарапшылар «әлеуметтік мәселелерден туындаған оқиға», деген көзқарастарын білдіруде.  Сондай-ақ исламдық тұрғыдан қарасақ та бұл қоғамға қауіп төндіріп тұған іс-әрекеттер дініміз де құпталмайды. Барлық жағдайда сабыр сақтау қажеттігін көздейді. Бұл мәселелерді тұрақты түрде түсіндіріп, қауіпін айтып отыру көптеген қайғылы жағдайдың  алдын алуға мүмкіндік беретіні анық.

Осы орайда  өрт сөндірушілер мен құтқарушыларға  суицидтің алдын алу, діни экстремизм  мен терроризмге жол бермеутақырыптарында «Абдусаттар Сманов» мешітінің имамы  Берік Салаватұлы Шотабековтің қатысуымен  дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында суицидтің алдын алу үшін түсіндірме жұмыстарының маңызды екендігі жеткізілді. Өз жақындарына әрдайым рухани тұрғыдан қолдау көрсету, дұрыс жол табуына ықпал ету үлкен сауапты іс екендігін айтып, әрдайым бірлікте болуға шақырды.    Сондай-ақ  жалпы дін төңірегіндегі мәселелер мен Рамазан айы туралы да айтылды. Тыйым салынған діни ағымдардың әлеуметтік желідегі парақшаларына тіркелмеу керектігі қатаң ескертілді. Бұл бағытта өсіп келе жатқан өскелең ұрпақты, яғни жастарды қатаң бақылау керектігі де аталып өтілді.

Мұндай тақырыптар өте өзекті болғандықтан жеке құрамға бұл бойынша түсіндіру маңызды іс-шаралардың бірі болып табылады.  

С. Шойманов

Шымкент қаласы  ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары азаматтық қорғау полковнигі

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика