Қаратаудың жүйріктері

Шымкенттегі Қаратау дәстүрлі мектебінің жұмыс істеп келе жатқанына аса көп уақыт өте қойған жоқ. Соған қарамастан үшінші мегаполистегі аты атаулы білім ордаларының қатарында. Олай болатыны ұлтымыздың салт дәстүрін бойыма сіңірсем деген талантты баланың бәрі осында талантын ұштап жүр.

Жуырда ғана

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған қалалық “Адалдық-адамдық белгісі” атты жастар арасында өткен ақындық мүшәйрада “Қаратау” мектебінің Поэзия үйірмесінің оқушылары тағы топ жарды.

Байқаудың басты жүлдесін 1-орынды және 100 000 теңге қаржылай сыйақыны Әбдуәлі Сабина, 2-орынды 75 000 теңгені Сарсен Ұлжан жеңіп алды.

«Ең үздік шығарма» номинациясын Сыздықова Бейбіт, Ең жас ақын аталымын Ізбасар Ақсүйкім, иеленді.

Мектеп ұжымы мен шәкірттері жарыстарға қатысып қана қоймайды, өздері түрлі сайыстардың бастамашы болып жүр.

ҚР Тәуелсіздік мерекесіне орай мектептің ұйымдастыруымен “Қазақтың шын есімі Тәуелсіздік” атты жасөспірімдер арасында садақ атудан турнир өтті. Дәстүрлі садақ ату федерациясымен бірлесе отырып жыл сайын өткізетін сайысқа бұл жолы Түркістан, Жамбыл облыстарынан және Шымкент қаласынан жас мергендер қатысты. Ереже талаптарына сәйкес мергендер Пута және Жамбы нысаналарын көздеп бір-бірінен оза түсті. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, сый-сияпаттар табысталды.

Қаратау дәстүрлі өнер мектебі ұлттық өнер түрлеріне оның ішінде дәстүрлі садақ атуға ерекше көңіл бөліп келеді. Алдағы уақытта да мергендер арасында сайыстар жалғасын таппақ.

Жылжабар айда

Шымкент қалалық Білім басқармасының қолдауымен Шымкент қалалық Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен өткен ІІІ-ші қалалық “Шымкент дауысы” ән байқауында да Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің вокал сыныбының шәкірті Лесбек Нұрәли жүлделі ІІІ ОРЫН иегері атанды. “Әншуақ” балалар жобасы аясында өткен байқауға қала бойынша 72 оқушы жастар қатысып, өз өнерлерін көрсетті.

СҮЙІНШІ!!! ҚОЛА ДОМБЫРА ШЫМКЕНТТЕ

Қазақстан Республикасы оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен “Егемендігім — елдігім” атты оқушылар арасындағы республикалық айтыста Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің шәкірті Ислам Әли Біржанұлы БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болып, қола домбыра иегері атанды. Оқушы жастар арасында тұңғыш рет ұйымдастырылған жыр додасында ақын баламыз Шымқаламыздың намысын қорғап, суырып салма өнерімен Елорда халқының ыстық ықыласына бөленді. Дарынды шәкірттердің ұстаздары белгілі ақындар Жандос Мырзабеков пен Аян Ниязбек.

Біртұтас тәрбие бағдарламасының “Төрт тоқсан — төрт өнер” ұлттық мәдени ағартушылық жобасы аясында Шымкент қаласы Білім Басқармасының “Қосымша білім беру оқу салалық орталығы” ұйымдастырған жыр додасында бас жүлде осы мектептің оқушысы Исламәли Біржанұлына бұйырды. 1ші дәрежелі орын Жолдасбек атындағы лицей мектебінен Парынбек Ади, 2ші орын Қаратау дәстүрлі өнер мектебінің оқушысы Бақтияр Айша және 72ші жалпы орта мектебінің үкілеген үміті Айдарәлі Орынбасар иеленді. Ал жүлделі 3ші орындарды Жолдасбек мектебінен Сәкенұлы Сабыржан мен Қаратау мектебінің ақыны Мәжит Аятулла өзара бөлісті. Арнайы жүлделер Есіркеп Қарақат, Қойшыбек Асылай, Қайратұлы Ағзам, Нұрдәулет Жоланға үлестірілді.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика