ТҮРІК ЕЛІНДЕ ҚАЙТЫС БОЛҒАНДАРДЫҢ РУХЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ

Шымкент қаласының орталық «Ақмешітінде» бауырлас түрік елінде зілзала апатынан қайтыс болғандардың рухына Құран бағышталып, құрбандық шалынды. Шымкент қалалық ардагерлер кеңесі мүшелері және ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі тағылымды іс-шараны бірлесе ұйымдастырып, қиын сәтте бауырлас елмен бірге екенін білдірді.
Шымкент қаласының бас имамы Бақдәулет Әбдірахманов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев енді бұндай жағдай қайталанбауын тілеп, халқымыз қиындықпен бірге екенін атап өтті.
– Түркия елінде болған жағдай барлығымызға ауыр тиді. Марқұм болғандардың рухы шат болып, зардап шеккендерге Алла шипа берсін. Ардагерлер кеңесінің мүшелерімен бірге елімізде тыныштық, амандық болсын деген ниетпен осындай іс-шараны ұйымдастырдық. Құдайға деген шүкіршілігімізді білдірдік. Алла елімізге жақсылығын еселеп берсін, мұндай апаттар қайталанбасын деп тілейміз, – деді өкіл имам.
Қалалық ардагер кеңесінің төрағасы К.Төлебаев мұндай қиын жағдайда көпшілікті көмек қолын созуға шақырды. Бүгінде Шымкент қалалық ҚХА жанынан еріктілер тобы құрылған. Олар күнделікті қажетті заттар, азық-түлік, тағы басқа гуманитарлық көмек жинап жатыр. Бүгін Шымкент қаласынан түрік еліне бірінші гуманитарлық көмек жөнелтіледі. Сонымен қатар, жұма намазында ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкілдігі халыққа арнайы үндеу жарияламақ.
«Шымкент келбеті»

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика