2022-06-27

Қазақстанда АЕК мөлшері өзгерді: Айыппұл көлемі де өсе ме?

Қазақстанда 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш 3 180 теңгеге дейін көтерілді, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі.

 

Бұған дейін президент 2022 – 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды. Оған сәйкес, 2022 жылғы 1 сәуірден бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері 3 063 теңгеден 3 180 теңгеге дейін өсті.

«Алайда айыппұл санкциялары, салықтар мен басқа да төлемдер үшін Қазақстан заңнамасына сәйкес, 2022 жылғы 1 қаңтарда 3 063 теңге мөлшерінде бекітілген АЕК қолданылады», — делінген қаржы министрлігінің хабарламасында.

Сонымен қатар, ведомство ақпаратынша, әлеуметтік төлемдерді есептеу кезінде қолданылатын ең төменгі күнкөріс деңгейі 36 018 теңгеден 37 389 теңгеге дейін ұлғайды.

Осыны ескеріп, 1 сәуірден бастап зейнетақы мен жәрдемақылардың мөлшері қосымша 4 процентке артты.

 

Яндекс.Метрика