2022-09-29

Мүмкіндіктер алаңы Жәрмеңкеде жеңілдікке ие болды

Қазір үй сатып алудың жолдары көбейді. Қолыңызда өзіңізге ұнаған үй құнының бір бөлігі болса, баспаналы болуға мүмкіндік зор. Әсіресе жаңадан салынған үйлерді мемлекеттік бағдарламалар, ипотека арқылы алуға болады. Тек ол үшін көбірек здену керек. Өйткені құрылыс компанияларының үй сату тәсілдері әрқалай. Ол үшін құрылыс компанияларының кеңселерінен, банк бөлімшелеріне барып консультация алу керек. Оған бірнеше күн уақытыңыз кетеді. Осыны ескере отырып, Шымкентте жылжымайтын мүліктер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Оған Шымкент қаласындағы Арбатта өткен жәрмеңкеде 12 құрылыс компаниясының өкілдері келіп, тұрғын үй ұсыныстарымен таныстырды. Сондай-ақ қалалықтар “Отбасы банкінен” консультация алу мүмкіндігін иеленді.
Іс-шараның кешкі уақытта өткені де тұрғындар үшін ыңғайлы болды. Жұмыс уақыты аяқталған соң алаңсыз шаһарда тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатқан оннан астам компанияның жобаларымен танысты.
Біздің кейіпкеріміз Ұлжан Досболова көпбалалы ана. Ол соңғы 3 жылдан бері 3 бөлмелі пәтер алуды жоспарлап жүр екен. Жаңадан салынған үйлерден пәтерлі болсам дейді. Құрылыс компаниялар салып жатқан үйлердің бағасын біліп, «Отбасы банк» қызметкерлеріне табысын есептетіп, қандай бағдарламамен, қайсы компаниядан үй алу тиімді екенін аз уақыт ішінде біліп шыққанына қуанышты.
–Шынында, мен үшін мүмкіндіктер алаңы болды. Осыған дейін қолым қалт етсе салынып жатқан үйдің құрылыс алаңына барып көріп келемін де, бірақ оны сатып алу жолдарын қарастыру үшін банкке баруға уақыт таба алмайтын едім. Бүгін 12 компанияның салған үйлерінде қай пәтер бос, қайсысы маған ыңғайлы, қайсысына қаражатым жетеді осы сұрақтардың бәріне жауап алдым, -дейді ол.
Осылайша, шымкенттіктер жәрмеңкеде мердігерден жаңа тұрғын үй кешені жайлы ақпарат алып қана қоймай, Отбасы банкінің мамандарының кеңесіне жүгініп, есептеу жүргізіп, өзіне ыңғайлы ипотека бағдарламасын таңдап, тіпті 3 миллион теңге жеңілдікке де ие болды. Жеңілдік дәл сол жерде несиеге алдын ала мақұлдау алған шымкенттіктерге берілді.
–Біздің банк қазір қалада тұрғын үй салып жатқан бес құрылыс компаниясымен тығыз жұмыс жүргізуде. Олардың арасында «BI Group» сияқты алпауыттармен бірге жас мекемелер де бар. Арадағы келісімшарт аясында пәтер сатып алушының алғашқы жарнасы 50 пайыздан 30 пайызға төмендеп отыр. Бұл азаматтар үшін үлкен жеңілдік. Сондай-ақ бүгінгі жәрмеңкеде үй салушылар клиенттерге 2 пайыздан 5 пайызға дейін жеңілдік жасады. Қазір құрылыс компанияларының арасындағы бәсекелестіктің жоғарылауы құрылыс сапасының артуына да сеп болып отыр» — дейді «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Шымкент қалалық филиалының директоры Дәурен Саудабаев.
Айта кетейік, жыл басынан бері Отбасы банк Шымкент қаласы бойынша 2 мың несие мақұлдаған. Бұл күн сайын 10-15 азамат ипотекалық қарыз рәсімдеп, қоныс тойын тойлайды деген сөз. Бұған қоса тұрғындар баспаналы болу үшін 18 мың жаңа салым ашқан.
Жәрмеңкеде Отбасы банк пен жеке құрылыс компаниялар (BI Group, OKS Development, Otau Group, Батсу, Конфарсити) ипотекалық кредиттерді рәсімдеудің жаңа жағдайлары бойынша өзара келісімшарт жасасты. Онда сатып алушы пәтердің жалпы сомасының 30 пайызын төлей отырып Отбасы банк арқылы ипотекалық кредит рәсімдей алады.
Дамира МОЛДАНАЗАРОВА.

БАЛАЛАР ЖЫЛЫ
Дені сау бала – болашақ жемісі
XXI — ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой — өрісі жоғары, жан — жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті.

Шымкент қаласында «Дені сау бала» бағытында баланы дамыту үшін 39 кабинет жұмыс істейді. Қалалық денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы И.Глазебнаяның айтуынша, тәжірибелі медицина қызметкерлері ерте жастағы балаларға проактивті скринингтер жүргізеді. Сондай-ақ ата-аналарды бала күтіміне, емшек сүтіне, қосымша тағамдарды енгізуге үйретеді.
Жалпы балалардың, мүгедек балалардың және мүмкіндігі шектеулі балалардың құқықтарын қамтамасыз етуде 7 кейс бойынша жұмыс істейді. Бұл жобаға қаладағы барлық медициналық ұйымдары қатысып отыр. Енді кейс жұмыстарына жеке тоқтала кетейік. «Арман жолы» кейсінде биыл 6 айда 3773 бала оңалтудан өтсе, өткен жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 29,7%-ға көп (2021ж.6 ай — 2908 бала).
Оңалтудан өткен балалардың 1 891-і, яғни 50,1% мүгедек балалар (2021ж. 6 ай — 920 бала, 31,6%).
Ал, «Оқушы денсаулығы» бойынша қала мектептерінде 140 медициналық пункті жұмыс істейді. Мектеп оқушылары арасында профилактикалық тексеруге жататын 225 737 баланың 146 729-ы, яғни 65% тексеруден өтті. Оларға жасына сәйкес иммундаумен 33 пайыз (жоспар 30-33,2%) қамтылған.
Қалада «Ерте анықтау-табыс кепілі» бағытында 1 жасқа дейінгі балаларды проактивті бақылаумен және скринингтермен (неонаталдық, аудиологиялық, офтальмологиялық, психофизикалық) қамту биылға жоспарланған 86 пайызының орнына нақты проактивті скринингтен 76039 жататын балалардың 64245-і өтті. Бұл 84,,5 пайызды құрады.
Биыл мамыр айынан бастап қалалық клиникалық балалар ауруханасында, №6 қалалық емханада, №2 оңалту орталығында, Шымкент қаласының басқа да медициналық ұйымдарында халықаралық балаларды қорғау күніне орай балалардың денсаулығы мәселелері бойынша «Ашық есік күні» ұйымдастырылып, БМСК ұйымдарында — 1062 анаға және 1106 балаға кеңес берілді.
Аталған іс-шаралар жыл соңына дейін жалғасын табатын болады.

Балаларды скрингтік тексеруден өткізу сауығуға сепи болады
Жуырда Шымкент қалалық №6 емхананың мәжіліс залында «Балалар жылы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту емі мен скринингтік тексеру жұмыстары» бойынша емхананың бас дәрігері Айгүл Қылышбаева БАҚ өкілдеріне баспасөз брифингін берді.
Брифингте 0-17 жас аралығындағы балалар скринингі мектепке дейінгі, мектеп жасындағы балаларды, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарының білім алушыларын қоса алғанда, халықтың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық қарап-тексерулерді жүргізу қағидаларын туралы айтылды.
–0 жас пен 17 жас аралығындағы балаларды профлилактикалық тексеріп қарау арнайы мамандардың қатысуымен өтеді. Орта және жоғары білімді мейіргерлер, педиатр, стоматолог, хирург , невропатолог, офтольмолог, эндокринолог, уролог, отолорионголог, отбасылық дәрігерлері медициналық қарап-тексеруден өткізеді, -деді бас дәрігер.

Профилактикалық медициналық қарап-тексеру аяқталғаннан кейін бейінді мамандардың қорытындысы мен зертханалық-диагностикалық зерттеулерді ескере отырып, педиатр дәрігер, терапевт дәрігер немесе ЖПД «денсаулық тобын» айқындай отырып, балалардың денсаулық жағдайына кешендік бағалау жүргізеді. Сонымен қатар, денсаулық тобын көрсете отырып, физикалық және нервтік-психикалық дамуын бағалай отырып, эпикриз бен қорытынды ресімделеді.
Жаңа туған нәрестелердің, ерте жастағы балалардың есту қабілетінің бұзылуын уақтылы анықтау, ерте араласу, мүгедектікке әкелетін ауруларды оңалту және алдын алу үшін аудиологиялық скрининг жүргізіледі.
Аудиологиялық скринингтің міндеті–жаңа туған нәрестелердің барлығын, сонымен қатар ерте жастағы балаларды және 6 жастағы балаларды қамтиды . Скринингтен соң қандай да бір денсаулығында ақау бары анықталса, одан әрі тексеріп, уақтылы ем-шаралар қабылдайды. Скринингтік тексеру есту қабілеті бұзылуының тәуекел топтарын ерте анықтауға көмектеседі. Ал, ерте анықтау оңалтуға оң ықпал етеді. Жүргізілген аспаптық зерттеулердің нәтижелерімен «Өтпеген» белгісіндегі балаларды, есту қабілетінің бұзылуы (құлақ мүкістігі және кереңдік) қаупі бар балаларды одан әрі тереңдете тексеру үшін сурдологиялық кабинеттерге (орталықтарға, бөлімшелерге) жібереді. Есту қабілеті бұзылған балаларды тереңдетілген педагогикалық тексеру және түзете-дамыта оқыту мәселелерін шешу үшін психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияға жібереді. Тексерілген пациенттерді есепке алу медициналық құжаттамаға (МАЖ) деректерді енгізеді. Есту қабілеті бұзылған балаларды емдеу, түзету мәселелері бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) консультациялық көмек көрсетеді.

Аудиологиялық скринингті ұйымдастыру екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде жаңа туған нәрестелерге меншік нысанына қарамастан босандыру ұйымдарында жүргізілетін неонаталдық аудиологиялық скрининг жүргізілсе, екінші кезеңде аудиологиялық скринингтен өтеді. Ол 3 ай, 1 жыл, 2 жыл, 3 жыл, 6 жасты қоса алғанда меншік нысанына қарамастан МСАК медициналық ұйымдарының балаларды дамыту кабинеттерінде жүргізіледі.
Бетті дайындаған: Дамира КАМАЛ.

Яндекс.Метрика