Жаһанға мәлім Жақыповтар жеңімпаз!
Жуырда Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның қатысуымен өткен отырыста «Мерейлі отбасы – 2022» ұлттық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпазлдарын анықтау жөніндегі комиссия отырысы өткен болатын. Бұған дейін өткізіліп келе жатқан дәстүрлі байқаудың мақсаты – бір шаңырақ астында берекелі өмір сүрудің маңыздылығын арттыру, отбасылық өмір салты, ата-аналық парыз, жауапкершілік секілді ұғымдарды ел санасына сіңіру, әсіресе, жастарға жеткізу, жарасымды жанұя құндылығын кеңінен насихаттау. Өткен жылы байқау шарты бойынша өңірлерден 2 жеңімпаз отбасы анықталып, республикаға жолдама алатын болса, биыл бір ғана отбасыға ғана республикалық сынға жолдама берілетін болады. Өңірлерде анықталған жеңімпаз отбасы, республикалық «Мерейлі отбасы — 2022» ұлттық конкурсының жеңімпазы әрі лауреаты атанады.
Байқаудың шарты бойынша 128 отбасыдан байқауға қатысуға өтініш келіп түскен.
Анкеталық іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша әр ауданнан 4 үміткер барлығы 16 отбасы байқаудың екінші қалалық кезеңіне жолдама алған. Комиссия мүшелері 16 үміткердің құжатымен және ақпараттық бейнебаяндарымен танысты.
Шымкент қаласының намысын республикада қорғайтын жүлдегерді анықтау оңайға соқпады. Соның ішінде көп ішінен суырылып шыққан Жақыповтар отбасы жолдаманы жеңіп алды. Дауыс басымдығымен Қаратау ауданынан қатысқан үміткер, бокстан Әлем чемпионын өсірген Жақыповтар әулеті республикалық кезеңге өтті.
Өткен жылы Шымкент қаласы бойынша «Мерейлі отбасы» байқауына 110 отбасы құжат тапсырса, биыл ол 128 отбасы қатысуға ниет білдіргені қуантады.
Семинар-тренинг
«ОТБАСЫДАҒЫ ТӘРБИЕНІҢ РӨЛІ»
Шымкент қалалаық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жастар мен жасөспірімдер арасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың, девиантты мінез-құлықтың өз-өзіне қол жұмсау деңгейін азайту. Күйзелістік жағдайлардың алдын-алу және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
Алдымен кибербуллинг дегеніміз не дегенге тоқталайық. Бұл интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефон арқылы немесе әлеуметтік желілерге бір ада туралы жазба жариялап, оған моральдық қысым көрсетеді. Осы арқылы оны қорқытып, өз дегеніне бағындырғысы келеді. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап, қорлауы мүмкін. Сонымен қатар, зиян тигізу мақсатында ойластырылған арнайы тапсырыс аясында кибербуллинг белгілері байқалуы мүмкін. Ата-ана балаға агрессия көрсетсе, оны шектен тыс мұқатып, ұрып-соқса, бұл да буллинг болып есептеледі. Тіпті, кей психолог ата-ана баласының өзгені қорқытып жүргенін байқаса, кінәні өзінен, үйден іздеуге кеңес береді. Агрессия көріп өскен бала оны басқаға бағыттауы мүмкін.
Түсіндірме жұмыстары аудан жастарының қатысуымен өткізілді. Бұл өз кезегінде жастар арасында әлеуметтік желін дұрыс пайдануға, адам құқығын таптамауға тәрбиедейді.
Спорт деген бір сиқыр
Сайыпқырандар сайысқа түсті
Еңбекші ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Саламатты ұрпақ» жобасы аясында жасөспірімдер арасында футбол спорт түрінен жарыс өткізілді.
Жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттыру арқылы болашақ чемпиондарды даярлау, бұқаралық спортты дамутыуды мақсат еткен жарыс қызықты да тартысты өтті. Еңбекші ауданына қарасты шалғай елдімекенде орналасқан «Тоғыс» тұрғын алабындағы жасөспірімдер жарыс көрігін қыздырды.
Ойын соңында белсенділік танытқан қатысушылар жастар орталығының атынан алғыс хаттармен марапатталды.
Әл-Фараби ауданы әкімдігінің жастармен жұмыс жүргізу бөлімінің ұйымдастыруымен жасөспірімдерге «Душа» мультфильмі көрсетілді. Жазғы демалыс кезінде жастардың бос уақытын тиімді пайдалануына, олармен тығыз қарым-қатынас орната отырып, белседілігін арттыруға бағытталған іс-шара жасөспірімдердің көңілінен шықты.
Дайындаған Дамира Молданазарова.
2 бет
Leave a Reply