2023-06-06

Шардараның қыраны

Spread the love

Түркия елінің Ыстамбул қаласында бүкіл қол күрес әлемі асыға күткен Шығыс пен Батыс спортшылары арасындағы жекпе-жек сайысы өз мәресіне жетті. East vs West турниріне Түркістан өңірінің спортшылары да қатысты.
Аталған сайыста Қазақ елінің атынан алғашқы жекпе-жекке шыққан Сарыбай Ердаулет қарсыласы – Түркия өрені, әлемнің бірнеше дүркін чемпионы Юсуф Илдызоглуны 3-0 есебімен жеңді.
Ал жарыстың ең басты сайысы Қыдырғали Онғарбаев мен Америка Құрама Штаттарының атақты спортшысы, әлемнің 26 дүркін чемпионы Джон Брзенк арасындағы жекпе-жек өте тартысты әрі қызықты өтті. Аса тартысты жекпе-жекте жерлесіміз қарсыласын 3-1 есебімен жеңіп, еліміздің абыройын асқақтатты.
Қыдырғали – даңқты бапкер Арман Қарсыбаевтың шәкірті. Шардараның қыраны бұған дейін әлемнің және Азияның бірнеше дүркін чемпионы атанған.
Мектеп формасы
Талап өзгерген жоқ
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, өткен жылдағыдай заңнамалық нормалар қолданылады. Яғни оқушылар бұрын сатып алған немесе дайындаған формамен мектепке еркін келе алады.
Сонымен бірге ата-аналардан кейбір мектептерде мектеп формасына қойылатын талаптар, яғни түс, киім дизайны бойынша талаптар нақты жеткізушілерге немесе өндірушілерге сәйкес жасалғаны туралы шағымдар бар.
Осыған байланысты кейбір өңірлерде білім басқармалары ата-аналар қауымдастығы және қамқоршылық кеңестерімен келісе отырып, әр мектеп өз талаптарын қоймауы үшін өңірде бірыңғай түсті енгізуді, сол арқылы ата-аналардың таңдауына шектеу қою туралы шешім қабылдады.
Бұл ретте ата-аналардың назарын талаптардың өзі өзгермегеніне аударғымыз келеді. Мысалы, егер оқушы мектепке сатып алынған немесе бұрын сол мектептің Қамқоршылық кеңесі бекіткен аға-әпкелерінен қалған форманы киіп келе алады. Ата-аналардың өтініштерінен кейін бірнеше білім басқармасы қамқоршылық кеңестермен бірлесіп, облыс бойынша мектеп формасының біркелкі түсін белгілеуге шешім қабылдады. Барлығы қою көк түсті таңдады. Бірақ бұл балаларды шектемейді, яғни олар бұрыннан бар мектеп формасымен келе алады. Облыс бойынша мектеп формасының бірыңғай түсін белгілеуге тоқтала кетсек. Бұл нақты жеткізушілерге талаптар қою тәуекелдерін барынша азайтып, қолжетімді форманы (нарықта немесе дүкенде) сатып алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ оқу жылына дейін атаулы әлеуметтік көмек алатын немесе жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, төтенше жағдайға тап болған отбасылардан шыққан 418 мың балаға көмек көрсетілетінін атап өтемін. Оларға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алу үшін «Жалпыға міндетті білім беру» қорынан қолдау көрсетіледі, — деді Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.

ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЭЛИТАЛЫ БАСТАУЫШ МЕКТЕП АШЫЛАДЫ

2020 жылдан бастап еліміздегі барлық қалалық мектептер жан басына қаржыландыру жүйесіне көшті. Аталған жүйе Шымкент қаласында өз нәтижесін беріп келеді. Былтыр 21, биыл 20 мектеп жеке инвесторлар есебінен салынуда.
Соның бірі — Әл-Фараби ауданы Қонаев даңғылында «OSCAR» лингвистикалық элиталы 480 орындық жекеменшік бастауыш мектебі. Ғимарат 3 қабатты, 30 оқу бөлмесінен тұрады. Асхана, спорт залы, мәжіліс залы, медициналық кабинет те қарастырылған.
Мектеп жаңа оқу жылына 95 пайыз дайын. Заманауи жиһаздармен жабдықталып жатыр. Акт, спорт залға жұмсақ төсеніштер қойылып, асханаға қажетті заттарды орналастырылған.
«Қызмет»-ақпарат.

Яндекс.Метрика