Президенттік сайлауда әр дауыс маңызды

 

Шымкентте механикаландырылған бригаданың әскери қызметшілері Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дауыс беруге қатысты.

Таңертеңгі сағат жетіде №131 сайлау учаскесінің алдында әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері сайлаудың басталуын білдіретін Қазақстан Республикасының Әнұранын орындау үшін жиналды. Дауыс беру учаскісі №129 жалпы орта мектебінің аумағында орналастырылды. Бұл күні учаскіде құқық қорғау органдары мен әскери полиция қызметкерлері кезекшілік етсе, сайлау барысының сапасын бақылаушылар қадағалап отырды.
Дауыс беру барысы мен сайлауды ұйымдастыру туралы әсерлерімен бірқатар әскери қызметшілер бөлісті, олардың бірі осы күзде Алматы қаласынан әскер қатарына шақырылған Айбек Берденов. Оның айтуынша, сайлау жоғары деңгейде ұйымдастырылған.
— Еліміздің негізгі заңында қызмет түріне, сондай-ақ тұрғылықты жеріне қарамастан, Қазақстан Республикасының әрбір азаматына сайлауға қатысу құқығына кепілдік берілгені айтылған. Мен бүгін осы құқығымды пайдаланып, өз таңдауымды жасадым. Мен азаматтық борышымды орындаудың жауапкершілігін және сайлауда әрбір дауыстың маңыздылығын толық түсінемін, — деп бөлісті Айбек Берденов.
Әскери қызметшілер дауыс берген сайлау учаскесінде жексенбі күнгі жағдай тыныш және мейірімді болды. Барлық дауыс берген әскери қызметшілер қанағаттанып, өз міндеттерін орындады.
Айта кетсек, әскери бөлімнің тәрбиеші офицерлері сайлауға алғаш рет қатысып отырған мерзімді әскери қызметшілермен дауыс беру тәртібіне арналған сабақтар өткізді.

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика