IX Республикалық WorldSkills Kazakhstan-2024 кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздары анықталды.

WorldSkills Kazakhstan-2024 жұмысшы мамандықтарының ұлттық чемпионаты қорытындыланды. Оған өңірлік кезеңдерден өткен 550-ден астам колледж студенттері қатысты. Үш күн бойы олар 30 құзыреттілік бойынша сынға түсті. Жұмыс алаңдарында қатысушылардың кәсіби дағдыларын 558 сарапшы бағалады.

Өңірден 27 құзыреттілік бойынша қатысып, келесідей орындарға ие болды:

2 алтын медаль

2 күміс медаль

1 қола медаль

күміс медаль

12 медальон

WorldSkills Kazakhstan-2024 чемпионатында Шымкент қаласы білім басқармасы «Индустриалды-техникалық колледжі» студенттері Мирахимов Алексей Алишерович «СББ станоктардағы фрезерлік жұмыстар» құзыреттілігі бойынша I орын, Шымкент аграрлық-техникалық колледжінің студенті Рустамханов Надирбек Ихтиярович «Сантехника және жылыту» құзыреттілігі бойынша қатысып, жүлделі I-орынды иеленсе, Зубков Станислав Алексеевич «СББ станоктардағы токарлық жұмыстар» құзыреттілігі III-орын, Райкулов Нұрсұлтан Орынбасарович «Дәнекерлеу технологиясы» құзыреттілігі бойынша шеберлігі үшін медальон иеленді.

Қызмет ақпараттық агенттігі

  • Related Posts

    Үйдегі қысым: Еркектік пе, әлсіздік пе?

    Кейде сырттай бәрі жақсы көрінетін отбасының ішінде үлкен қасірет жасырынып жатады. Көп әйел мен бала күнде қорқынышпен өмір сүреді – өйткені үйдің ішінде тыныштық жоқ. Себебі – үйдегі қысым, еркектің…

    Жастар арасындағы суицид: себептері мен алдын алу жолдары

      Соңғы жылдары елімізде жастар арасындағы суицид көрсеткіші алаңдатарлық деңгейге жетті. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 15–29 жас аралығындағы жастардың өлімінің негізгі себептерінің бірі — өз-өзіне қол жұмсау. Бұл сандық…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика