ШЫМКЕНТ: 100-ГЕ ЖУЫҚ ЖАС ТАРИХИ ОРЫНДАРҒА САЯХАТТАДЫ

Шымкент қаласындағы ерекше күтімді қажет ететін жастар Цитадель көне қалашығына экскурсия жасады. Игі іс-шараға Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы ұйытқы болды. Басты мақсат – мүмкіндігі шектеулі жастарға кедергісіз орта қалыптастыру, өмір сүру сапасын арттыру. Экскурсияда кешеннің бұқаралық жұмысты ұйымдастыру жөніндегі нұсқаушысы Арайлым Ералы жастарға көне қалашықтың тарихын баяндап, ерекше жәдігерлерімен таныстырды.

—Кезінде осы жерді мекен еткен тұрғындар құмыра жасау өнерімен, егіншілік және мал шаруашылығымен айналысқан. Егіншіліктің арқасында тары өңдеу, бидай сынды әртүрлі дәнді-дақылдарды өсіріп, астық жинаған. Ысарыпшылдық болмасын деген мақсатпен мал сүйектерін саз-балшықпен араластырып, адамдар жүретін сүйек жолдар істеген, – деді Арайлым Бақтиярқызы.

Ерекше жандар ары қарай «Жеті тандыр» дәмханасынан дәм татып, Бәйдібек би ескерткішіне ат басын бұрды. Онда «Тарихи-өлкетану» мұражайымен танысты.

—Қаламыздың көрікті жерлеріне саяхаттауға мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Әр дүниені көзбен көріп, тамашалап жүрген балаларымыз дән риза. Мұнда «Жігер», «Көркем», «Ерекше жол», «Рахмет саған, анашым!» деп аталатын төрт топтан құрылған жастар саяхаттауда. Олардың өмірге деген құлшынысы арта түсті, – деді «Рахмет саған, анашым» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Алмагүл Кенжетаева.

Айта кетейік, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталықтан 100-ге жуық ерекше жандар экскурсияға шықты. Алдағы уақытта іс-шаралар кешенінде арнайы мемлекеттік бағдарламалар мен кәсіпкерлікті оқыту курстары, экускурсиялар, үстел теннисі мен шахматтан турнирлер, қолөнер көрмесі мен шығармашылық кештер ұйымдастырылады. Бұл ерекше жандардың өздерін жан-жақты толықтай көрсетуге мүмкіндік береді.

 

Қызмет ақпарат

1593 символ

  • Related Posts

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Mektepmenu: ата-аналар балалары мектептегі тамағын бақылай алады

    MektepMenu қызметімен интеграция — бұлбағыттағы тағы бір қадам. Біз жаңасервис клиенттіктәжірибені жақсартуғамүмкіндік беретініне сенімдіміз жәнеата-аналарға балаларының мектепте сапалыжәне дұрыстамақтанатынына сенімділік береді«, — деді Halyk басқарма төрағасыныңорынбасары Нариман Мұқышев. MektepMenu қызметі…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика