Қазақстанда жол бойындағы автокөліктер тексерісі күшейтіледі

Қазақстанда полиция жолдардағы көліктерді тексеруді күшейтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

«Елімізде 18 шілдеден бастап Ішкі істер министрлігі жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша айлық өткізіп жатыр. Бұл профилактикалық шара жол-көлік оқиғаларын азайту, жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында өткізіліп отыр және жол-көлік жарақаттары мәселесіне назар аударуға бағытталған», – делінген хабарламада.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, демалыс кезеңінде және мерекелік маусымда қалааралық және облысаралық қатынаста көлік қозғалысы арта түседі.

«Ереже бойынша, жол-көлік оқиғаларының, соның ішінде ең ауыр салдары бар оқиғалардың қаупі артады. Осыған орай, шара аясында полиция қызметкерлері патрульдік және көлік құралдарын, соның ішінде жолаушылар тасымалына тексеруді күшейтеді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша айлық аясында полициямен өткізілетін барлық іс-шаралардың міндеті – жалпы күш-жігермен жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында азаматтардың назарын жолдардағы жарақаттану мәселелерін шешуге аудару», – деп қосты Ішкі істер министрлігі.

Қызмет ақпарат

  • Related Posts

    Психологический тренинг «Идем с уверенностью на ЕНТ»

    На сегодняшний день Единое национальное тестирование (ЕНТ) – один из важнейших этапов системы образования в стране. Этот тест играет решающую роль в выборе будущей профессии учащимися. Поэтому для школьников этот…

    Районный этап республиканской олимпиады прошел в школе «TALANT№2»

    В декабре 2024 года среди школ Абайского района города Шымкента прошел районный этап республиканской олимпиады по общеобразовательным предметам для учащихся 9-11 классов. Оба дня олимпиады были организованы в общеобразовательной школе…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика