Елімізде бала күтімі бойынша жәрдемақы 1,5 жасқа дейін берілуі мүмкін

Елімізде бала күтімі бойынша бір жасқа дейін берілетін жәрдемақының мерзімі ұзаруы мүмкін. ОКҚ-де өткен брифинг кезінде «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ бас директоры Нұрсұлу Кемел осылай деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kzақпарат агенттігі. 

Енді жәрдемақы қосымша жарты жылға дейін төленбек. Әзірге бұл ұсыныс қана, мақұлдана ма, белгісіз.

«Біздің міндетіміз — бұл жүйенің тұрақтылығын, қаржылық орнықтылықты қамтамасыз ету. Әлеуметтік міндеттемелер ұзақмерзімді сипатты болуы керек. Мүгедектігі бар немесе біреудің қарауындағы адамдар мұндай төлемдерді ай сайын алады. Бүгінгі жағдайды ескере отырып, бала күтімі бойынша тағайындалатын жәрдемақыны 1,5 жасқа дейін ұзарту қарастырылуда», — деді Нұрсұлу Кемел.

Айта кетейік, бүгінгі таңда жұмыс істемейтін әйелдер бала 1 жасқа толғанға дейін ай сайын 18-23 мың теңге көлемінде жәрдемақы алады.
Бір реттік төлем көлемі — 38 АЕК. Ол барлық ата-аналарға табысына қарамастан, бірдей беріледі. Төртінші баладан бастап 63 АЕК төленеді.

  • Related Posts

    Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзі

    Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзі Ардақты ағайын! Қадірлі қауым! Біз жыл сайын 31 мамырда Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске аламыз. Зұлмат…

    ҚОШҚАР АТА СЕЙІЛІ» ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ІС-ШАРАСЫ ҰЛТТЫҚ ДӘСТҮРДІ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТТЫ

    🔷 Бүгін шаһарда «Наурызнама» онкүндігі аясында «Қошқар ата сейілі» жалпыхалықтық дәстүрлі сауық-серуен іс-шарасы өтті. Қошқар ата өзені жағалауында ұйымдастырылған мерекелік іс-шарада ұлттық көрмелер, қолөнер шеберлерінің жәрмеңкелері, спорттық жарыстар және мәдени…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика