2022-12-08

Ақшамды қалай көбейтемін???

Spread the love

Алдымен психолог мамандардың ақыл-кеңесіне жүгініп көрейік.  Мамандар ұсынатын кеңестер мынадай:

Сізге осtories/icap6y53h.jpg» width=»218″ height=»125″ />ы қанша қаржы керек? 

Ең алдымен осыны анықтап алыңыз.  Таңертең ұйқыдан тұрған соң көзіңізді жұмып «Маған қазір мынадай ақша керек, содан кейін одан да көп ақшаның  иесі болғым келеді» деп дауыстап айтыңыз. Алғашқыда күлкілі көрінуі әбден мүмкін, күн өткен сайын өз сөзіңізге илана бастағаныңызды байқайсыз. Сөз ең құдіретті қару. Енді «менде мынанша қаржы бар, сол пәлен болғанда өз ісімді шебер ұйымдастырамын» деп айтуды үйреніңіз. Мұны талап дейді. Сіз бұрын ойша армандайтын болсаңыз, енді ол туралы айта бастадыңыз, ал, ертең оны міндетті түрде жүзеге асырасыз, сеніңіз. Ойыңыздағы ақша  қолыңызда тұратын күн де алыс емес.

2. Енді ерінбеу керек, Және өзіңізге деген сеніміңізді жоғалтпаңыз. Бұл бағдарламаны таңертең және кешкі екі рет қайталап, қолыңызға қажет қаржы түскенше тоқтатпағаныңыз жөн. Ойда бар айтылған нәрсе міндетті түрде әрекетке ұласады.

3. Өзіңіз қалаған байлыққа ие болу үшін немен төлей алатыныңызды адалынан айтып, өз кармаңызды сол арқылы кеңейтіңіз, сонда көзге көрінбейтін бұғаулардан құтыла бастайсыз. Сондай қолбайлаулардың бірі – кешке теледидар алдында жатып, пайдалы-пайдасыз хабарларды немесе телесериалды тамашалау болуы мүмкін. Соны ойлаңыз.

4.
Өз мақсатыңызды жүзеге асыру үшін оның нақты жоспарын жасап, дереу іске кірісіңіз. Ең маңыздысы ішкі мүмкіндік. Сол арқылы өз кармаңызды кеңейте
аласыз.   Іштей әрекет дұрыс болса, сыртқы жағдай да қолайлы бола түседі.

5. Әрекет кезінде 20 пайыз ғана күш жұмсап, 80 пайыз нәтиже беретін жағдайға ұмтылыңыз.6. Осы сияқты идеяны ақшаға айналдыру жоспары ақшаға айналатын жұқа әлемнің бедерін қалыптастырады. Ол анық көріне бастасымен, сіздің жоспарыңыз да нақты мерзімінде нақты оқиғалармен толығады.

Ақшаны пайдалы жаратудың жолдары

Ақшаны өзі үшін, яғни өзіне бір нәрсе сатып алу, өзіне сыйлық жасау үшін жұмсау – пайдалы іске жұмсау болып саналмайды. Ақша табуға кедергі келтіретін жағдай – тәкаппарлық. «Мен кедеймін, өйткені ақшаның соңына түсуге адамгершілігім жібермейді» дейтіндер бар арамызда. Мынаны ажыратып алған жөн. Адал жолмен, еселі еңбекпен табыс табуды басқа күмәнді жолдармен (алдау, арбау, бопсалау, т.б.) ақша табумен шатастырмау қажет. Негізінен, ақшаны пайдалы жаратудың бірінші принципі – тәкаппарлықты азайту. Себебі кез-келген адам бір жерде біреудің қарамағында жұмыс істейді, соның идеясын жүзеге асырады. Тәкаппарлық біреуге, одан қабілеттірек, таланттырақ адамға жұмыс істеуге кедергісін келтіреді.

Ақшаны қуана жұмсау қажет.

Ақшаны пайдалы жаратудың екінші принципі карма заңына сүйенеді. Өз ақшаңды жақсы сезіммен жұмсағаныңыз жөн. Сіздің сатып алғаныңыз үлкен, өте әдемі зат болған сайын көңіл-күйіңіз де жоғары көтеріле түсуге тиіс. Ақшаны қуанышпен жұмсаған сайын ақшаны өзіңізге тартудың кармалық механизмі іске қосылады. Ақша – карманың төртінші деңгейі. Оны естен шығармаңыз. Егерде өз ақшаңызды жұмсау ешқашан қуандырмайтын болса, мінез-құлқыңызға қайта қарап, оны жақсы жағына қарай өзгертуге тырысыңыз.

Мадақ пен сыйлық.

Адамды мадақтау да, оған ақшалай сыйлық жасау да оның миына біркелкі дәрежеде жағымды әсер етеді екен.Бұл — жапондық және американдық ғалымдардың ашқан жаңалығы. Баспасөз беттерінде жарияланған мәліметтер бойынша бұл тәжірибе Жапонияның Оказаки қаласындағы ұлттық психология институтында жасалынған. Оған 19 адам қатысқан. Оларға ми мониторингі жүргізіліп, алғашқыда тәжірибеден өтушілерді үш-үштен бөліп, құмар ойындарын ойнатады. Сол кезде оларға басқа адамдар келіп мақтау сөздер айта бастайды. Сонда анықталғаны: ақша ұтқанда әлгі адамдардың миының қай бөлігі ерекше белсенділік танытса, мақтауды естігенде де мидың сол бөлігі белсенділік көрсетеді. Яғни, ақша мен мадақ адам миына бірдей жағымды әсер етеді.

Ақша жинау туралы ақыл-кеңестер

Үндістанның әйелдерге арналған «Фимина» атты журналында Махалакшмидің «Бақытты болудың 100 тәсілі» туралы зерттеу мақаласы жарияланғанды. Онда ол қаражат жинау жөніндегі өзінің іс-тәжірибесін әйелдерге ақыл-кеңес ретінде арнайды: «Кішкентай да болса бір жетістікке жеткен сайын тындырымды істерім үшін өзіме-өзім сыйлық жасауды жоспарлаймын. Яғни, өзімнің жұмысқа деген ынтамды арттыруым керек қой.

Ақша шақыру жаттығулары

1. Қай жерде ақша туралы әңгіме қозғалса да Сіз ақшаны жамандамаңыз. Бұл Сіздің өмірлік салт-дәстүр, дағдыңызға айналсын. «Ақшам жоқ, ақша жетпейді» деп ешқашанда айтпаңыз. Олай десеңіз, Сізден ақша қашады. Керісінше, Сіз «Мені ақша жақсы көреді», «Күннен – күнге менің қаражатым көбейіп, табысым артып келеді» деген сөзді жиі-жиі айтыңыз, олай деуге қымсынбаңыз, қорықпаңыз.

2. Ақша жинаңыз. Тек ақшаны тойға, жақсылыққа, оқуға, жаңа дүние сатып алуға, саяхатқа шығуға, жақсы демалуға жинайтын болыңыз. Ақшаны «қара күнге» деп жинамаңыз.

3. Ақша жинауда, оны ұқсатып жұмсауда бай адамдардың психологиясын зерттеңіз, соларға еліктеңіз. Өзіңізді бай адамның орнындамын деп есептеңіз.
Қоғамдық көлікпен жүрсеңіз «Мен мұны қарапайым адамдардың тыныс тіршілігін білу үшін уақытша мініп жүрмін» деген ойда болыңыз. Өзіңіздің бұл ісіңізді баюға психологиялық тұрғыда дайындалу деп түсініп, күнделікті өмірде ұсақ-түйектерге көп көңіл бөлмеңіз.

4. Ақшаны адал жолмен қалай тапсаңыз, оған да солай адал болыңыз. Ұлық
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадис-шәрібінде айтылғанындай, біреуге артық ақша
бермеуді, біреуден артық ақша алмауды қадағалаңыз. Сатушы жаңылысып, Сізге
артық ақша қайтарса, немесе бір затыңызды сатып алушы құнынан артық ақшаға ұсынса, оны қайтарып беріңіз. Қиянат жасағанды ақша ұнатпайды.

5. Ешқашан тың ойлардан, жаңа қадамдардан, жаңалықтардан, жақсы істерден бас тартпаңыз. Олар Сізді жаңа табыстарға жетелейді.

6. Ақшаны жұмсаудағы ең басты қателіктердің бірі – оны қолдан-қолға беру. Сол
себепті оны берерде ағаштан жасалған үстелдің немесе сөренің үстіне қойыңыз.
Өйткені, адам өз қолымен ақшаны басқаның қолына бергенінде өз қуатын бірге
беруі мүмкін. Ақша алғанда да байқаңыз: ауру немесе ниеті бұзық адамның қолынан алған ақша сәтсіздікке ұшыратады. Ал ақшаны ағаштың үстінен алсаң, мамандардың айтуынша, ағашта нашар қуат күшін тұншықтыратын қасиет бар. Егерде ақша алғанда мұндай мүмкіндік болмаса, үйге келісімен әлгі ақша салынған әмияныңызды ағаш үстелдің, сөренің үстіне жарты сағат қою қажет.

7. Ақшаны түнде беруге, түнде алуға болмайды. Себебі ақша да барлық табиғаттың құрылым бөлшектері тәрізді таңертең оянып, күн батқанда ұйықтайды. Сондықтан да ұйқыдағы ақшаны алып та, беріп те қажеті жоқ.

8. Маңдайға біткен дәулет үшін өтем төлеу жақсы. Байлықты сақтап қалу үшін
қайырымдылық шараларына мол шығын шығару жаманшылықтың алдын алады, Мешіт, медіресе, аурухананы өз қаржысымен салдырып, халыққа сыйға тарту – бұрыннан жалғасып келе жатқан сауапты іс. Тек оны ат шығару үшін жасамау қажет.

9. Ақша өзіңді жақсы көруі үшін алдымен Сіз ақшаны жақсы көріңіз. Алайда ақшаны ар-ұяттан, ұлттық мақсат-мүддеден жоғары қоймаңыз. Жетпей, таусылып, қарызға батып қалған кезде ғана ақшаны ойламай, оны әрдайым байлық ретінде жақсы көріп, оның молаятынына кәміл сеніңіз. Ақша жолы болмайтын, өзіне-өзінің сенімі жоқ адамдардан қашады. «Маған сондай жалақы, сондай ақша жетеді», — деп, ақшаға шектеу қойып, өзіңіздің табыс көзіңізді жауып тастамаңыз. Табысыңыз өз қажеттілігіңізден артылып жатса, қайырымдылық жасаңыз. Ақша қайырымдылықты жақсы көреді.

{jcomments on}

Яндекс.Метрика