СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС

Тәуелсіздік жылдарында жүргізіліп келе жатқан көп векторлы сындарлы сыртқы саясат пен ішкі тұрақтылықтың нәтижесінде Қазақстан бүгінде бүкіл әлемдік қауымдастықтың белсенді мүшесіне айналып келеді.

Бұл өз кезегінде елдің қауіпсіздігін, соның ішінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін алға тартуда. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әрине қолда бар жер қорын тиімді пайдалану және жер ресурстарын ғылыми негізде басқара білумен тікелей байланыста екендігі даусыз.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар қызметіндегі тәртіп пен реттілікті нығайту жөніндегі шаралар туралы» № 1550 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы қабылданды.

Бұл Заңның мақсаты — азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.

Заң сол сияқты демократиялық негiздердi, мемлекеттi басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге, халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенiм нығайтуға, бiлiктi мамандарды мемлекеттiк қызметке кiруге ынталандыруға, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшiн жағдайлар жасауға да бағытталған.

Біздің көптеген азаматтарымыз күн­делікті тұрмыстағы сыбайлас жем­қорлықты заңдастырмайды, кейде олар мұны солай болу керек деп те ойлайды. Мұндай жағдайда мемлекет те, ешқандай құқық қорғау органдары да ешнәрсе істей алмайды. Бәрін жазалап, отырғызу мүмкін емес. Сондықтан да, сыбайлас жемқорлықпен тиімді күресу үшін, әрбір азамат атсалысып, өзіндік үлесін қосуы керек, яғни, аза­маттардың сыбайлас жемқорлыққа деген көзқарасын өзгертпейінше, нәти­жеге жету мүмкін емес. Сыбайлас жемқолықпен күресу – қоғамның және әр азаматтың ісі екенін әр қазақ­стандық әр отбасы түсінуі керек. Ұлы Абай атамыз айтқандай: «Ұрпа­ғыңызға асыл мұра ретінде ар­сыз­дықты әкелетін байлықты емес, тәрбие, білім, имандылықты қалдыр».
Сыбайлас жемқорлық – адам табиға­тының бұзылуына, адамгершіліктің тапталуына, адамдардың бөлінуіне әкеледі. Бұл қоғамдық сананың рухани жақтан емес, материалдық тұрғыдан дағдарысқа ұшырауы. Адам белгілі бір материалдық жағдайға тәуелді бол­ғанда, ол ар-ұят, намысты екінші орынға қояды. Егер, біз осылайша, ар-ұят, намысты екінші орынға қоятын болсақ, онда болашақта тұтас бір ұр­пақты жоғалтып алуымыз мүмкін. Біз осыны түсінуіміз керек, себебі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресе отырып, өмірімізді одан әрі жақсартып, адамгершілік, рухани байлығымызды жоғалтпай, өркениетті ел құруымыз керек. Біздің Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақа­ласы осыған шақырады.
Тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес еліміздің басты саясаты болып қа­лыптасты. ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» күрес туралы заңын қабылдап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы арнайы орган құрылды. Мемлекеттік аппараттың жұмысының тиімділігімен сыбайлас жем­қорлыққа қарсы көріністері артты. Ха­лыққа қызмет көрсету орталықтарының ашылуы мен автоматтандырылуы азаматтар мен шенеуніктердің арасында күнделікті байланыстар азайып, сыбайлас жемқорлық көріністердің төмендегенін байқаймыз. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтер көрсетудің 723 түрін электронды қызметтер көрсету арқылы алуға болады. Жыл өткен сайын азаматтар мем­лекеттік қызметтер көрсету бойынша тікелей мемлекеттік органдарға өтініш беру саны азайып келеді. Жылдан-жылға мемлекеттік қызметтер көрсетуде халыққа қызмет көрсетудің орталықтары мен электронды қызметтер көрсетудің үлестері артып келеді.

Н. БЕКЖАНОВ,

ҚР ИДМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің ОҚО бойынша департаментінің бас маманы

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика