РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАҢЫЗДАҒЫ ЖОЛҒА БАҒДАРШАМ ОРНАТЫЛДЫ

Түркістан облысы Келес ауданының аумағы арқылы өтетін республикалық маңыздағы жолдың бойына бағдаршам орнатылды. Жаңа бағдаршам Ақтөбе ауылдық округі, Қызыләскер елді мекені, А.Тұрәлімов көшесімен қиылысатын республикалық маңызы бар А-15 автожолының бойына қойылды. Сондай-ақ, бүгінгі таңда жолға жолақтар сызылып, жол белгілері орнатылуда. Бұл жұмыстарды мердігер «СБМ» ЖШС атқарып жатыр.

Республикалық автожолдың Қызыләскер ауылының орталық көшесімен қиылысқан тұсы автокөлік көп қатынайтын және адамдар көп шоғырланатын қауіпті аймаққа жатады. Енді, жаңа орнатылған бағдаршам көлік қозғалысы қауіпсіздігін және жол жүру ережелерін сақтауға мүмкіндік бермек. Бастысы, жол-көлік оқиғаларының азаюына және жол ережелерінің мұқият сақталуына ықпал ететіні сөзсіз.

Жалпы, биыл аудан орталығы мен ауылдардағы маңызды жол бойларына 22 бейне бақылау камерасы орнатылды. Ескере кететін жәйт, мұндай қондырғылар бұған дейін мүлдем болмаған. Сонымен қатар, аудан орталығы Т.Рысқұлов көшесінің бойына 2 бағдаршам қойылды.

37 орталық көшенің бойына 51 жарық шамы орнатылды. Жеке кәсіпкерлер есебінен тағы 10 көшеге 5 жарық шам қойылды.
Жыл басынан бері Келес ауданы аумағында 59 жол-көлік оқиғалары болып, соның салдарынан 22 адам қаза болды. 85 адам жарақат алған.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика