КЕЛЕС АБАТТАНЫП КЕЛЕДІ

Сарығаш ауданы құрамынан бөлініп шығып дербес аудан мәртебесіне ие болған Келес ауданы күн санап сәулеттеніп, абаттанып келеді. Биыл ауылдық округ орталықтарындағы 15 көшені бойлай аяқ жолдар салынды. Заманға сай зертастармен өрнектелген тротуарлардың ұзындығы 26,4 шақырым.

Мұнан бөлек, тағы 8 көшенің бойына тұрғындар тынығып отыратын 114 орындық орнатылды. Аяқ жолдардың бойына 130 қоқыс жәшігі қойылды. Жауын-шашын сулары ағып кететін бетон науалар қойылды. 28 көшені жағалай 17 мың 782 түп ағаш отырғызылған.

Сондай-ақ, аймақта елдігімізді әйгілейтін, ұлт мақтаныштарын үлгі ететін ескерткіш белгілер қатары да артып келеді. Ауданның символы саналатын ұлы ақын Абай Құнанбаевтың ескерткіші М.Артыков көшесі бойына орнатылған болса, Е.Байбеков атындағы саябақ ішіндегі Ардагерлер аллеясына «Ауған соғысы ардагерлеріне» арналып ескерткіш қойылды.

Ауданның сәулетін аша түскен нысанның бірі ауданың кіре берісіне орнатылған «Келес ауданы» аркасы. Жарық шамдармен өрнектелген белгі түн мезгілінде де ерекше жарқырап көрінеді.

Сонымен қатар, қазына қаржысына ауылдық округтер орталығындағы 37 көшенің бойына 51 жарық шам орнатылды. Бұл іске кәсіпкерлер де көптеп көмектесуде. Қалталы азаматтар өз қаржысына 10 көшені жарықтандырып берді.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика