
Шымкенттегі университетте Нобель сыйлығының лауреаты жұмыс істейтін болды. Атап айтсақ, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жұмыс істейтін болды. Жоғары оқу орнында сенсациялық оқиға — «Рае Квон Чунг атындағы жаңа климаттық экономикасы орталығы» ашылды.
«Рае Квон Чунг атындағы жаңа климаттық экономикасы орталығы» жасыл технологиялар және климаттық өзгерістердің ауыл шаруашылығына әсерін қысқарту қағидаттарында экономикалық дамудың жаңа моделін енгізу жөніндегі Орталық Азия мен ТМД-дағы алғашқы институт болмақ.
Орталық Азия елдерінің жаңа климаттық экономика бағдарламасын әзірлеумен айналысады және үкіметтермен, халықаралық ұйымдармен және бизнес субъектілерімен Климаттық экономика қағидаттарын енгізу бойынша өзара іс-қимыл жасайды.

Сондықтан Шымкент қаласында М.Әуезов атындағы ОҚУ жанынан осындай орталық құру — оңтүстік өңірдің экономикасындағы университеттің өсу нүктесі болмақ. Бұл әсіресе университет ғылыми — зерттеу университетіне ауысу барысында бизнес-ортамен интеграцияланған ғылымды дамытудың жаңа моделін құрмақ.
