«Оңайдан» оңай «Төлемнің» осал тұстары

Шымкент қаласындағы қоғамдық көліктердің жағдайын жақсарту, ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында «Төлем» жүйесі енгізілген еді. Алайда, оның осал тұстары да бой көрсетіп жатыр.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов қаладағы қоғамдық көлік мәселелерімен жіті танысу үшін арнайы рейдтік іс-шараға қатысты. Нәтижесінде төлем картасын қолданушы жолаушылардың істен қайта-қа та шыға беретін валидаторлар мен қолма-қол ақша төлеуді талап етуші автобус кондукторлары арасындағы түсінбестіктерден шағым артқаны белгілі болды.

Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің тапсырмасымен енді қоғамдық көліктерде электронды төлем жүйесінде ақау болса, жолаушылар тегін жүруге құқылы болды. Бүгіннен бастап «Шымкент BUS» компаниясының жүргізушілері жұмысқа шығудан бас тартып жатыр. Компания басшысы Азат Сахатұлының айтуынша, автобус жүргізушілері 155 мың теңгелік айлықтарын 300 мыңға көтеруін талап етіп жатқан көрінеді. Қазіргі таңда компания басшылығы мен жүргізушілер арасында екі жақты келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Ақбөпе ЕРГЕШ

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика