Сыбайлас жемқорлық туралы тікелей эфирден айтылды

        

Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Дербисов Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Шымкент қаласы бойынша департаментінің «Антикор» алаңында тікелей эфирде сөз сөйледі.          Сұқбат барысында департамент қызметкерлері тарапынан 2020 жылғы 6 айында сыбайлас жемқорлық көріністері орын алмағандығын алға тартып, бұл бағытта жеке құраммен үнемі жұмыс жүргізілетіндігін атап өтті.

Сонымен бірге, короновирус індеті кезінде ТЖ департаментінің мамандары күшейтілген режимде жұмыс атқарып, «101» және «112» шұғыл нөмірлеріне келіп түскен барлық телефон хабарламаларға ден қойылғандығын атап өтті. Пандемия кезінде қала тұрғындары үйде болуына қарамастан, тұрғын үйлерде өрт оқиғалары орын алатындығын нақтылап, өрт қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті.

Тікелей эфирге өрт сөндіру қызметіне жұмысқа орналасу сұрақтары келіп түскен. Сұраққа жауап бере отырып, департамент бастығы осы салаға жұмысқа орналасу тәртібін түсіндіріп, мектеп түлектеріне «Көкшетау» техникалық институтына түсу шарттарымен де таныстырып өтті.

Бекзат Қамбаров

Азаматтық қорғау подполковнигі, Шымкент қ.ТЖД кадр саясаты бөлімінің бастығы

  • Related Posts

    TikTok, Instagram, Youtube қашан қазақша сөйлейді немесе Z ұрпағы үшін қазақ тілін трендке айналдыру жолдары

    TikTok, Instagram, YouTube сияқты желілер тек көңіл көтеру құралы ғана емес, қоғамдық пікірді қалыптастыратын, мәдени, рухани бағыт-бағдар беретін күшке айналғалы қашан. Бұл платформалар қазіргі таңда тіл саясатына әсер ететін ықпалды…

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика