ЖЕРЛЕСТЕРІ АНАР АСПАНДЫ ЕСКЕ АЛДЫ

Түркістан облысы Келес ауданында есімі елге белгілі журналист, құқық саласы бойынша қалам тербеп, қарымды мақалалар жазған, облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы болған Анар Бәкірқызын еске алу іс-шарасы өтті.

Басқосуда оқырмандарына Анар Аспан есімімен танылған қаламгермен бірге қызмет атқарған журналистика ардагерлері, Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев пен «Оңтүстік Қазақстан» облыстық қоғамдық-саяси газетінің директор-бас редакторы Абай Балажан және басылым қызметкерлері, сонымен қатар марқұмның туыстары мен ауылдастары қатысты.

Еске алу кешінде мектеп оқушылары жиылған көпшілікті Анар Бәкірқызының өмірбаянымен таныстырды. Мұнан соң қаламгердің әріптестері Анар жайындағы өз естеліктерімен бөлісті. Сөз алғандардың дені Анар Аспанның қайсар мінезді, алған бетінен қайтпайтын, өз ісіне адал, өзгелерге қамқор жан болғаны жөнінде әңгімеледі.

Айта кетсек, Анар Аспан осыдан 9 жыл бұрын ауыр науқастан көз жұмған еді. Оның тіршіліктің бар қиындығына төтеп беріп, ауру анасы мен әскерден мүгедек болып оралған жалғыз бауырына қамқорлық жасағанын және бойжеткен кезінде шаруашылықта трактор жүргізіп, нәзік жаратылысына қарамастан еңбек озаты болғанын жерлестері көпке үлгі етті. Өйткені, Анар Аспан туған жері Келес ауданының нағыз патриоты және еңбегімен елге танылған жан.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика