ТОЙХАНАЛАР ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ БАҒЫТЫН ӨГЕРТУДЕ

Түркістан облысы Келес ауданында пандемияға байланысты кәсіпкерлік нысандары қызмет көрсету бағытын өзгертіп, қазіргі талапқа бейімделуде. Соның бірі Келес ауданындағы бұрынғы «Астана» тойханасы. Бүгінде атауын «Алтын Орда» деп өзгерткен нысан халыққа жаңа қызмет түрін ұсынуда.

Кезінде атағы дүркіреп, той-думандарды дүркірете өткізген мейрамхана қазір бас сұқсаңыз, басқаша кейіпте. Қызметі де толықтай сауда саласына ауысқан. Алып ғимараттың іші бөлмелерге бөлініп, киім-кешек, ыдыс-аяқ секілді өнім сататын орындарға айналған. Мұндай шешімге келген кәсіпкер Рахматулла Сұлтанов тойхана ғимаратын Ақманат Айдархановаға жалға беріп, бүгінде 1200 шаршы метрге 25 млн теңгелік инвестиция құйып, кәсібін дөңгелетуде. Кәсіпкер тұрақты жұмыспен 10 адамды қамтыған.

Пандемия қай елдің болмасын экономикасына ауыр соққы болып тиді. Қалыпты жағдай өзгеріп, кейбір кәсіп түрлері ойламаған жерден тығырыққа тірелді. Осыған байланысты, өткен жылы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетіне берген сұхбатында:

– Қазір «Тойың тойға ұлассын» деп әндетіп, той тойлап жүретін уақыт емес. Бүгінгідей технологияның заманында той-томалақтың әңгімесін айтып, бір-бірін асыра мақтап, ас ішіп, аяқ босатқанға риза кейіпте жүру әдетінен арылу керек. Тіпті, осындай қауіпті пандемия кезінде кейбір азаматтарымыз маған хат жазып, той өткізуге мүмкіндік беру керек деп талап қояды. Мемлекеттің өзі өлермендікпен өмір сүретін кезге келдік. Сондықтан, еңбек ету – өмір сүру салтына айналып, басты міндет саналуға тиіс. Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір – ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі! – деген болатын.

Фото интернет ашық көздерінен

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика