БАДАМ ӨЗЕНІНДЕ «КӨКТЕМ-2020» ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ПРАКТИКАЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТІП ЖАТЫР

Шымкент қаласында 2022 жылғы 3-4 наурыз аралығында «Көктем-2022» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы «Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын 2022 жылғы су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға дайындау» тақырыбында басталып кетті.

Оқу-жаттығудың мақсаты: азаматтық қорғауды қамтамасыз ету кезінде, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою барысында іс-шараларды орындау бойынша Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің қалалық кіші жүйесі басқару органдарының, күштерінің практикалық іс-қимылдарға әзірлігі тексеру.

Оқу-жаттығу барысында Шымкент қаласының аумағында каналдарды, арықтарды, суағарларды тазалау жұмыстары жүргізіледі. Пракикалық іс-шаралардың бірі Еңбекші ауданындағы Жыланбұзған елді мекенінде өтті.

Оқу-жаттығудың ойы бойынша 2022 жылғы 2 наурыздан 3 наурызға қараған түні қатты нөсер жаңбыры мен қар жамылғысының еруі салдарынан Бадам өзеніндегі су ағыны күрт артты. Өзен сағасын шайып, арнаның бағытын күрт өзгеруі басталды. Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағында тұрғын үй алабын су басу қаупі туындады.

Шартты түрде Шымкент қаласы ТЖД құтқару қызметінің «112» телефонына Бадам өзенінің бойындағы Жыланбұзған елді мекеніндегі тұрғын үйді су басу қаупі туралы ақпарат келіп түседі. Көрсетілген мекенжайға саны 11 адам және 2 бірлік техника өрт-құтқару бөлімшелері жіберіледі. Оқиға орнына келген басшы инженерлік және басқа да техниканы (жүк самосвалдары, экскаваторлар, самосвалдар) қосымша тартуға шешім қабылдайды. Өзара іс-қимыл жоспары бойынша оқиға орнына Шымкент қаласының құрылыс басқармасының, жайлы ортаны дамыту басқармасының күштері мен құралдары жіберілді.

Сонымен қатар, дабыл белгісі бойынша өрт сөндіру қызметінің Мамандандырылған жасағының жеке құрамы көтерілді. Жедел-құтқару жасағының құтқару бөлімшелері, «Қазселденқорғау» Оңтүстік өңірлік пайдалану-техникалық басқармасы, Апаттар медицинасы орталығының бригадасы, жедел медициналық көмек қосымша жіберілді.

Тұрғын үйлерді су басу қатерін жою кезінде Бадам өзенінің арнасын өзгерту, Бадам өзенінің бойында қауіпті учаскелердің түбін тереңдету және жағалауын нығайту бойынша жұмыстарды инженерлік техниканың көмегімен атқарылды.

Практикалық іс-шараға Шымкент қ. құрылыс басқармасы, жайлы ортаны дамыту басқармасы, Шымкент қ. ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі, «Қазселденқорғау» Оңтүстік өңірлік пайдалану-техникалық басқармасы, Апаттар медицинасы орталығының, жедел медициналық көмек бригадалары қатысты.

Оқу-жаттығуға барлығы жеке құрамнан 50 адам және 12 бірлік техника жұмылдырылды.

Т.Үркімбаев
Шымкент қаласының ТЖД ТЖ жою бөлімінің бастығы

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика