ТҰРМЫСЫ ТӨМЕН ЕКІ ОТБАСЫҒА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ

Түркістан облысы Келес ауданында жағдайы нашар, баспана тауқыметін тартып келген екі отбасы үйлі болды. Бұл үйлер «Келес-Абай» қайрымдылық қорының жетекшісі Диас Абдиевтің бастамасымен және ауданның кәсіпкерлері мен тұрғындарының белссенділік танытуының арқасында тұрғызылды.

Біртілек ауыл округінің орталығынан тұрғызылған баспананың құрылысы төрт айда аяқталды. Қайырымдылық қоры мұқтаж отбасыларға сондай-ақ тұрмысқа қажетті кейбір бұйымдарды да сыйға берді.

— Қоғамда жақсы адамдар көп, жомарт жүрек жандар жетерлік. Солардың көмегімен «Келес-Абай» қоғамдық қайырымдылық қоры екі отбасыға арнап үй тұрғызды. Бұл сәтте ананың жанарындағы қуаныштың көз жасына жүрегі бар адамдардың бәрі тебіренді. Алдағы уақытта осындай қайырымдылық шарасын тоқтатпай, Алла бұйыртса әлі талай мұқтаждарды баспанамен қамтымақпыз. Егер біз әрдайым ынтымағымызды, бірлігіміз бен жанашырлығымызды көрсете білсек, елде тауқыметіпен күн кешіп жатқан отбасы болмайтынына сенемін. Осы сәтті пайдалана отырып ауданымыздың әкімі Ақментай Үсенұлына ерекше алғыс айтқым келеді. Себебі осы жобаны бастарда ең алғашқылардың бірі болып қолдап, үй салу үшін қажетті жер телімін тауып беріп, тегін беріп, үлкен демеушілік жасады. Басшылықтың қайырымдылыққа қолдауы біз үшін үлкен ынта болып табылады,- деді қоныс тойында құттықтау сөз сөйлеген қайырымдылық қорының жетекшісі Диас Абдиев.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика