РЕПЕРТУАРҒА БАЙ ХАЛЫҚ ТЕАТРЫ

Түркістан облысы Келес ауданының халық театры бүгінге репертуары көп, көркемдік деңгейі жоғары өнер ұжымына айналып келеді. 1978 жылы М.Әуезовтың «Қозы-Көрпеш –Баян сұлу» трагедиясын сахналап, халық театры атағына ие болған.

Өнер ұжымы бүгінде көрермендерге Т.Ахтановтың «Махаббат мұңы» драмасын және «Күшік күйеу» комедиясын, А.Құнанбаевтың 150 жылдығына арнап Иран –Ғайыптың «Мен ішпеген у бар ма?» дастанын, жазушы Дулат Исабековтың «Әпке» драмасын, М.Хасеновтың «Сырласу» атты екі бөлімді трагедиясын, М.Шамқаловтың «Қайын ене» музыкалық комедиясын, Оразбек Бодықовтың «Үйленгім келмейді» спектакльдерін ұсынып келеді. Бүгінгі таңда Жанкелді Мырзалиев жетекшілік ететін халық тетары Ұлы Абайдың 175 жылдығына арнап М.Әуезовтың «Абай» спектаклін ұсынды.

1980 жылы Қазақстан Республикасының 60 жылдық мерекесіне арналған Халық театрларының байқауында О.Бодықовтың «Қанжар мен домбыра» атты трагедиясын сахнаға қойып, облыстық және республикалық байқаулардың лауреаты атанды. Бұл кезеңде тетарда: С.Сансызбаев, М.Жұмалиева, С.Аликулов, Р.Құрбанқұлов, Н.Орынбаев, Д.Әліпбековтер өнер көрсетті. Бүгінгі таңда тетарда Д.Әліпбеков, Д.Есенқұлов, Б.Баймаханов, М.Баймұратов, Г.Сұлтанова, С.Есенқұлова, З.Дигарова, А.Сәкенова, А.Садықанов, Б.Омаров, Б.Тұржанов, Е.Бекмұратов, С.Тилегенова, А.Уразов сынды жас таланттар сахна өнерінің құдыретін паш етуде.

Leave a Reply

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика