«ВАКЦИНА АЛУ СТАТИСТИКАСЫН ҚАЙТА САРАЛАУ ҚАЖЕТ»

Бүгін Келес ауданының әкімі Ақментай Есбаев ауыл, ауылдық округінің әкімдерін және өңірдегі медицина мамандарын қабылдады, деп хабарлайды Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Қабылдау барысында аудан аумағында вакциналау жұмыстарының деңгейі сараланвп, кемшілік тұстары бойынша бірлесе жұмыс атқару барысы талқыланған.

Кездесу барысында коронавирусқа қарсы екпенің тиімділігі туралы, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін вакцина алу аркылы қорғану қажет екені айтылды. Ол үшін тұрғындар арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажеттілігі туып отыр. Аудандық аурухана дәрігерлерінің айтуынша бүгінгі таңда коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алу қарқынды жүргізілуде. Әйтсе де аудан басшысы бұл шараға байланысты статистикалық есептерді қайта қарап шығуды тапсырды.

— Тағы бір ескеретін жәйт, вакцинаны тек ауданға жеткізілген дәрілік компоненттермен және осында екпе алған азаматтардың санымен есептемеу керек, себебі тұрғындарымыз жұмыс бабымен яки өзге де жұмыстарымен еліміздің басқа да өңірлерде жүріп сол жақтан екпе қабылдап жатқан деректер кездесуде. Сөзімізге нақты дәлел Келес ауданына қарасты Алпамыс батыр ауылдық округінің 300-ге тарта тұрғыны басқа өңірден вакцина қабылдағаны расталып отыр. Статистикалық есепте осыған мән беру керек, — деді жиын барысында аудан әкімі Ақментай Есбаев. — Вакцина алу – індеттен сақтанудың басты жолы. Әр адам өзі үшін, жанұясы, әріптестері үшін екпе алса дұрыс болар еді. Коронавирус – жәй ғана ауру емес. Осыны жадымызда сақтайық. Аудан тұрғындарын денсаулығын күтіп, айналасына қамқор болуға шақырамын. Өзім де, ұжымдастарым да вакцина салдырды. Бәріміздің жағдайымыз жақсы,— деп сөзін қорытындылады ол.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика