Түркістан облысы Келес ауданында «Оңтүстік Қазақстан» газетінің жүлдесі үшін қазақ күресінен турнир өтеді.
Сайыстың мақсаты ұлттық спорт – қазақ күресін дамыту және облыс жаттықтырушылары арасында тәжірибе алмасу, халық арасында қазақ күресін кеңінен насихаттау болып табылады. Сондай-ақ балуандардың спорттық шеберлігін шыңдауды алдағы өтетін ірі жарыстарға облыс құрамасын іріктеу мен жастарды ұлттық құндылықтарды қастерлеуге тәрбиелеуді көздейді.
Жарыс Келес ауданы, Абай ауылындағы орталық стадионда 30 қыркүйек – 1 қазан күндері өтеді. Салмақ өлшеу және комиссиядан өту 30 қыркүйек күні, ал, белдесулер 1 қазан күнге белгіленген. Жарысты ұйымдастырушылар: «Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Келес ауданы әкімдігі.
Күрес республикалық «Qazaq kuresi» ассоциациясы бекіткен ережеге сәйкес жүргізіледі. Белдесулер 60, 66, 74, 82, 90, 90+ келі салмақ дәрежелерінде өтеді. «Түйе балуан» атағын сарапқа салу үшін 82 келіден жоғары балуандар күреседі және бұл сынға 2003 жылдан кейін туған балуандар жіберілмейді. Командалық есепте жеңімпаздар жүлде саны бойынша анықталады. Жарысқа қатысатыны жөніндегі мәліметтерді командалар Түркістан облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасына 2021 жылдың 28 қыркүйегіне дейін жолдауы тиіс. Өтініштер turkestan.oblsport@mail.ru электрондық поштасына жолдануы қажет.
Салмақ дәрежелері бойынша жүлделі орын алған балуандар «Оңтүстік Қазақстан» газеті редакциясы, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, Келес ауданы әкімдігі тағайындаған бағалы сыйлықтарға, тиісті дипломдарға ие болады.
Түйе балуан автокөлік мінеді.
Анықтама алу үшін мына телефондарға хабарласуға болады:
8 (7252) 53-91-97, +7 747 502 49 99.
Leave a Reply