«ТҮРКІСТАН – АРЕНА» UEFA СЕРТИФИКАЦИЯСЫНАН ӨТТІ

Бұл жайында Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімет таратты. Аталаған ресми хабарламада Нұр-Сұлтан қаласынан Қазақстанның кəсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраев Түркістан қаласына маңызды сапармен келіп, «Түркістан-арена» стадионын UEFA-ның халықаралық талаптарына сай сертификациядан өткізгені айтылады.

«Самрұқ Қазына» ҰӘҚ АҚ Түркістанға тарту еткен стадионның жалпы көрермен сыйымдылығы 7 мың орындық, қажетті қондырғылармен толық қамтылған. Стадион негізі футбол алаңынан, жеңіл атлетикаға арналған жабық аренадан тұрады. Акробатика, бокс, ауыр атлетика, спорттық гимнастика және йога залдары толық талаптарға сай жасақталған. Бұдан басқа, мәдени-спорттық іс-шаралар, футбол, жеңіл атлетика, үстел теннисі, садақ атудан облыс құрамасының оқу-жаттығу жиындары, облыстық, республикалық және халықаралық жарыстар өткізіледі деп жоспарланған.

Қазақстанның кəсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраев түркістандықтар үшін қуанышты жаңалықпен бөлісті. Биыл 2-6 наурыз аралығында Қазақстан Республикасының Суперкубок ойындары «Түркістан-арена» стадионында өтеді. Облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев жауапты мачтарды өткізуге əрдайым дайын екендіктерін жеткізді.

Еске салсақ, 2 наурыздан бастап 6 наурызға дейін еліміздің клубтары Нұр-Сұлтан қаласының «Астана», Алматының «Қайраты», жəне Қарағандының «Шахтер» командасы мен Қостанайдың «Тобылы» Суперкубоктың жүлдесін сарапқа салады. Сонымен қатар, биыл жаңадан құрылған Түркістан облысының «Тұран» командасының Премьер-лигадағы ойындарының барлығы осы «Түркістан- арена» стадионында өтетін болады.

Айта кетсек, әлемдік деңгейдегі талаптарға сай салынған стадионның футбол алаңына канадалық газон төселген. Арнайы мамандардың қатаң бақылауында.

«ҚЫЗМЕТ-Ақпарат»

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика