Түркістан облысының Келес ауданында биыл ауыл шаруашылығына 1 миллиард 165 миллион теңге инвестициясы тартылады. Бұл туралы аудан әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бүгінгі таңға дейін аймақта ауыл шаруашылығы саласының негізгі капиталына 334 миллион теңге инвестиция құйылған. Осылайша Түркістан облысында өндірілетін өнім көлемінің 6,8 проценті Келес ауданының үлесі болып отыр.
Жалпы, Келес ауданында жыл сайын 14,5 милллард теңгенің көлемінде ауыл шаруашылығы тауары өндіріледі. Оның ішінде 12 миллард теңгеге жуығы мал шаруашылығы өнімдері, 2 миллард 750 миллион теңгесі өсімдік шаруашылығы өнімдері.
Көктемнің егіске қолайсыз болуы, ағын судың аздығы және елімізде қалыптасып отырған эпидемиологиялық қиын жағдайға қарамастан биыл өнім өндіру көлемі жылдағыдан анағұрлым артқалы отыр. Өңірде әртараптандыру әдісімен ауыл шаруашылығы дақылдарын 24 500 гектарға жеткізу немесе өткен жылғы егіспен салыстырғанда 300 гектар артық орналастыру жоспарланған.
Нақты деректерге тоқталсақ, бидай – 1784 гектарға, дәндік жүгері – 3750 гектарға, бұршақты астық – 439 гектар, көкөніс – 10254 гектар, көкөніс – 10254 гектар, техникалық дақыл – 243 гектар, бақша – 2266 гектар, картоп – 2102 гектар, мал азығы – 3662 гектар жерге егілген. Бұрынғы кезеңдермен салыстырғанда көкөніс, дәндік жүгері мен мал азығы биыл артығымен егіліп отыр.
Leave a Reply