«ШОШЫМ» КАНАЛЫНДАҒЫ АҒЫН СУДЫҢ МӨЛШЕРІ КӨБЕЙТІЛДІ

Келес ауданы әкімінің орынбасары Абай Жаңбырбаев тиісті сала мамандарымен Сарыағаш ауданы аумағында орналасқан «Шошым» су бөгетіне барды. Су деңгейін, ондағы жағдаймен танысып, мүмкіндіктерді саралаған аудан әкімінің орынбасары  тиісті сала басшылыларымен келіссөздер жүргізіп, «Шошым»  магистральді каналына  артығымен су жіберуге уағдаласты.

Нәтижесінде каналдың етегінде орналасқан Келес ауданы  Біртілек ауылдық округі Көлтөған елді мекеніндегі шаруаларға ағын су жеткілікті мөлшерде баруына мүмкіндік туды.  Сарыағаш және Келес ауданы   су шаруашылығы мекемелерінің  басшылығымен канал бойындағы тоғандарды бақылауға алу келісілді.

Айта кететін жайт, «Шошым» магистральді каналының жалпы ұзындығы  28,5 шақырым.  Оның ішінде 17,0 шақырымы  «Сарығаш ауданы су шаруашылығы» МКК теңгерімінде, ал 11,5 шақырымы  «Келес ауданы су шаруашылығы» МКК қарамағында. «Шошым» каналы арқылы қос ауданның   2 мың 482 гектар жері суландырылады.  Оның ішінде диқандар Сарыағаш ауданы аумағындағы 1 мың 075 гектар, Келес ауданы аумағында 1 мың 407 гектар жерді игеріп отыр.

Екі жақты  жасалған  келіссөз ауданда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемін көбейтіп,  диқандардың табысын еселей түсуіне мүмкіндік бергелі отыр.

  • Related Posts

    Богатое наследние предков в воспитании и образовании

    Формирование глобально конкурентоспособной, образованной, интеллигентной личности на основе общечеловеческих ценностей и национальных благ — это целенаправленная миссия школы-гимназии № 65 имени Ибрая Алтынсарина в городе Шымкенте. Директор школы-гимназии Катира Кыргызбайкызы…

    Мақсатты мектеп – білім сапасын арттыру тетігі

    Шымкент қаласындағы Қазыбек би атындағы №36 жалпы орта білім беретін мектеп базасында Шымкент қаласы Білім басқармасының әдістемелік орталығымен бірлескен «943 – мақсатты мектептерді дамыту» жобасы аясында білім сапасын арттыруға арналған…

    Добавить комментарий

    Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

    Яндекс.Метрика