
Шымкент ҚПД Әкімшілік полиция басқармасы Жол техника инспекция бөлімінің қызметкерлері қала көшелерінде зерделеу жұмыстарын қарқынды жүргізіп келеді.

Қазіргі кезде Шымкент қаласы «Сайрам» шағынауданында орналасқан №98 орта мектептің алдына жол жүрісі қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында ҚР Жол жүрісі қағидаларының 1.16.1 (жасанды бұдырлық), 5.16.1-5.16.2 (жаяу жүргінші өткелі) жол белгілері орнатылуда.
Сондай-ақ, А.Асқаров көшесі мен М.Себеряк көшелерінде жол жүрісі қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында ҚР Жол жүрісі қағидаларының 1.16.1 (жасанды бұдырлық) жол белгісі орнатылуда.

Қала шетіндегі «Құрсай» шағынауданында орналасқан №49 орта мектептің алдына жол жүру қауіпсіздігі де жіті назарға алынған. ҚР Жол жүрісі қағидаларының 1.16.1 (жасанды бұдырлық), 5.16.1-5.16.2 (жаяу жүргінші өткелі) жол белгілері орнатылуда.
Құрметті қала тұрғындары мен көлік жүргізушілері, Сіздерді жол белгілеріне назар салып, жол ережесін қатаң сақтауға шақырамыз.
More Stories
МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТҚА ҚҰЖАТ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛАДЫ
КОНТЕЙНЕРДІҢ ЖАНЫНДА НҰСҚАУШЫ ТҰР
Педагогикалық шеберлік орталығының табысты дамуының келесі кезеңінде институционалды аккредиттеуден өту жоспарда тұр.