Шымкент қаласының білім басқармасының басшысы міндетін атқарушы А.Текебаева баспасөз брифингін өткізіп, басқарманың атқарған жұмыстары мен жаңа оқу жылына дайындық туралы баяндама жасады. Баяндама соңы БАҚ өкілдерінің осы саладағы өзекті мәселелеріне бағытталған сауалдарына ұласты. Жаңа оқу жылы басталған сәтте өткізілген жиын біршама түйіндерді тарқатуға дөп түсті.
tories/09092019.png» border=»0″ />
2019-2020 оқу жылында Шымкент қаласындағы 701 білім беру мекемелерінде 305 696 балалар білім алуда. Бүгінгі таңда, басқармаға қарасты мектептердің 127-і типтік ғимаратта, 7-і мектеп ыңғайластырылған ғимаратта орналасқан.
Шымкент қаласының білім саласына 2019 жылға 77 987 821,0 мың теңге бөлініп, алдыңғы жылмен салыстырғанда 35%-ға артқан.
Шымкент қаласындағы 501 мектепке дейінгі мекемелерде 76 339 бала қамтылған (оның ішінде 57 мемлекеттік мекемелерде – 21 954, 416 жеке меншік мекемелерде – 42 699, мектепалды даярлық топ – 11 474). Қазіргі таңда, қаладағы балабақшамен қамтуды қажет ететін 3-6 жастағы 73 031 баланың 69 559-і немесе 95,2%-ы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытумен қамтылған. Мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 2019 жылы 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен 100% қамту үшін мемлекеттік тапсырыспен қосымша 3 463 орынға балаларды орналастыруға 657 млн. 738 мың теңге қаржыға және жан басына қаржыландыру нормативіне сәйкес 1 балаға бөлінетін қаржы көлемін 27 502 теңгеге көтеру үшін (бүгінгі күні — 20 988 тг.) 2 млрд. 322 млн. 229 теңге қаржыға республикалық бюджетке сұраныс берілді.
2019 жылы қаладағы білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлердің саны – 25 341 (мемл. мекемелерде – 20 761). Жаңартылған білім беру бағдарламасына көшу бойынша жоспарға сәйкес ағымдағы оқу жылында мектептердің 4,9,10-сынып оқушылары жаңартылған білім беру мазмұны бойынша білім алатын болады. Осы орайда, бүгінгі күнге дейін мектептердегі педагог қызметкерлердің 94%-ы, яғни, 16 492 ұстаз жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес біліктіліктерін арттырған болса, жыл соңына дейін 1 980 педагог білімдерін жетілдіретін болады.
2019 жылы 120 мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстарын (ақтау, сырлау) жүргізу үшін 158 млн. 965 мың теңге қаржы қаралып, келісім-шартқа сәйкес жөндеу жұмыстарын аяқтау 2019 жылдың 20 тамызына жоспарланған. Қазіргі таңда, ағымдағы жөндеу жұмыстары 100%-ға орындалған. Білім беру мекемелерінің жылыту жүйелерін жөндеу, қысымдау жұмыстарына 71 млн. 744 мың теңге (132 мектеп, 79 балабақша, 9 қосымша білім беру мекеме) қаралып, келісім-шартқа сәйкес жөндеу жұмыстарын 2019 жылдың 20 тамызына дейін жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда, жылу жүйелерін қысымдау жұмыстары 100%-ға аяқталды.
Жылуды пайдалану түрі бойынша 244 мекеменің «Қуатжылуорталығы-3» МКК-нан – 120 мекеме, жеке қазандықтан — 124 мекеме жылытылады.Бүгінгі таңда, жылыту жүйесі қатты отынмен жұмыс істейтін мекеме саны – 17 (№60, 61, 67, 73, 83, 84, 91, 106, 110, 111, 113, 115, 117, 118, 122, 124, 125 жом), сұйық отынмен жұмыс істейтін мекеме саны – 3 (№49,95 жом, №10 б/б). Жылыту жүйесі қатты отынмен жұмыс істейтін 17 мекемеге 4 793 тонна қатты отын сатып алуға 57 млн. 982 мың тг. және сұйық отынмен жұмыс істейтін 3 мекемеге 191 тонна сұйық отын сатып алуға 43 млн. 133 мың тг. бөлінді. Қазіргі таңда, қатты және сұйық отын 100% мекемелерге жеткізілді
2018 жылы 11 білім мекемесі (№28, 30, 43, 47, 64, 65, 104, 116 мектептер, №40 б/б, 118 б/б, ЖУТО) күрделі жөндеуден өткізілді. Қаржы сомасы 2 706 658,0 мың теңге. Ал, 2019 жылы күрделі жөндеуді қажет ететін 6 мектеп (№4, 12, 18, 36, 122, 120 жом) және 2 балабақшаға (№28, 49 б/б) мемлекеттік сараптама қорытындысы алынып, жөндеу жұмыстарын 2020 жылы жүргізу жоспарланып отыр.
Шымкент қаласында апатты жағдайдағы мектептер мәселесі толығымен шешілген.
Қаладағы демографиялық өсімге байланысты үш аусымды мектептер саны 19 болса (№1, 9, 16, 23, 38, 42, 45, 46, 47, 49, 53, 55, 56, 65, 72, 80, 87, 92, 116), қыркүйек айында 4 мектептің (№16, 53, 92, 116) мәселесі шешілді. Аталған мәселені шешу мақсатында Шымкент қаласындағы мектептерге жан басына қаржыландыру жүйесі ендірілуде. Қазіргі таңда, 11 жекеменшік мектепке 5 454 оқушы мемлекеттік тапсырыс арқылы орналастырылды.
Жан басына қаржыландыру жүйесін ендіру нәтижесінде 2018 жылы жобалық қуаттылығы 2 400 орынға арналған 4 жекеменшік мектеп ашылды. 2019 жылдың шілде айына дейін 1 500 орындық 2 жекеменшік мектептері («Жас дарын», «Абай Құнанбаев») ашылса, жыл соңына дейін 1000 орындық 5 жекеменшік мектеп ашылады деп жоспарлануда. 2019 жыл соңына дейін жекеменшік мектептер есебінен үш ауысымда оқытатын 3 мектептің мәселесін шешу жоспарланған.
ҚР Білім және ғылым министрлігінің жоспарына сәйкес 4, 9, 10-сыныптарды оқулықтармен 100% қамтамасыз ету және 1-сыныптың 4000 оқушыға арналған оқулыртар алуға 2 млрд. 141 млн. 905 мың теңге қаралған (оның ішінде оқулықтарды тасымалдау үшін — 9 млн. 416 мың теңге). Оқулықтарды сатып алу бойынша 13 баспамен келісім-шарттар жасалып, қазіргі таңда оқулықтар 100% (жалпы оқулық саны – 1 186 907 дана) қалаға жеткізіліп, мектептерге таратылды. 2019 жылдың шілде айында «Оқушылар сарайы» базасында IT-орталық және 5 мектепте (№1, 7, 23, 65, 80) IT-сынып жабдықталып, ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс жасайтын болады.
2019 жылы мектеп бітірушілер саны – 8 063, оның ішінде ҰБТ-ға қатысуға 5 463 оқушы өтініш білдірді (оның ішінде 4 454 оқушы — қазақ тілінде, 998 оқушы – орыс тілінде, 22 оқушы – ағылшын тілінде). Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша Шымкент қаласының орта балы 85,3-ті құрады. Сонымен қатар, 401 оқушы «Алтын белгі», 360 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды.
Шымкент қаласы аумағында 29 колледжде 28 897 студент білім алуда. Оның ішінде: 11 мемлекеттік колледжде – 14 056 студент, 18 жекеменшік колледжде – 14 841 студент. Оның ішінде 8 470 студент мемлекеттік тапсырыс негізінде жергілікті бюджеттен қаржыландырылады. Оның ішінде, ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыс бойынша 11 колледжге 2 358 студент қабылданды.
Бүгінгі таңда, дуалды оқыту жүйесі қаладағы 11 мемлекеттік колледждің 7-інде енгізілген, онда 950 студент білім алуда. Шымкент қаласында 2018 жылы мемлекеттік тапсырыспен оқыған 2 839 бітіруші студенттің 2 520-ы немесе 89%-ы жұмысқа орналасқан.
Қазіргі таңда, Шымкент қаласындағы 10 жоғарғы оқу орындары мен 29 колледжде 106 636 студент жастар білім алуда. Оның ішінде, 6 614 студент жатақханамен қамтылса, 8 400 орынға қажеттілік туындап отыр (ЖОО – 6 750 орын, ТжКБ – 1 650 орын).
Қазіргі таңда, қаладағы жатақхана орнының қажеттілігін жою мақсатында әкімдік тарапынан «Шымкент сити» шағынауданынан 2,5 га жер учаскесі белгіленіп, «Shymkent» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы АҚ-ның инвестициясы есебінен 2500 орындық жатақхана салу үшін жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде. Сонымен қатар, «Тұран» ш.а. жатақхана құрылысы үшін 4 га жер учаскесі бөлініп отыр. 2018 жылы жеке кәсіпкерлер мен «Қаржы орталығы» АҚ арасында 350 және 200 орындық жатақхана құрылысын салуға келісім-шарттар түзіліп, ағымдағы жылдың сәуір айында 350 жатақхана құрылысы аяқталып Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетіне пайдалануға берілді. Ал, 200 орындық жатақхана құрылысы жыл соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда.
2019 жылы әлеуметтік тұрмысы төмен отбасы балаларын қала сыртындағы лагерлерде тегін демалдыру үшін қала бюджетінен 234 млн. 415 мың теңге қаржы бөлініп, 7241 бала қала сыртындағы «Арман», «Ақсу», «Үшбұлақ», «Ерке Машат» лагерлерінде демалуда. Сонымен қатар, ата-аналар есебінен қала сыртындағы лагерлерде 10 500 оқушы, 113 мектеп жанынан ашылған алаңдарда 131 300 бала (оның ішінде 50 650 бала ыстық тамақпен, 80 650 бала ыстық тамақсыз) демалатын болады. Жалпы ағымдағы жылы мектеп оқушыларының 88,6%-ы немесе 149 326-і жаз маусымында демалыспен қамтылды. Одан бөлек, Арыс қаласынан 210 оқушы және қаладағы балалар үйлерінің 116 оқушысы «Ақсу» лагерінде тегін демалуға мүкіндік алды.
Қазақстан Республикасының «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру және Шымкент қаласының білім саласында цифрлық білім беру ресурстарын дамыту арқылы оқытудың мазмұндылығына, көрсетілетін қызметтерді оңтайландыруға және сыбайлас жемқорылықтың алдын алуға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарылды.
Білім саласындағы жемқорлыққа баратын тәуекелді төмендету, ашықтық, әділдік қағидаларын сақтау, қызметтердің халыққа қолжетімділік мүмкіндігін ұсыну, көптеген комиссиялар мен қағазбастылықтың алдын алу, адами факторларды мүмкіндігінше азайту мақсатында төмендегі жұмыстар автоматтандырылған жүйеге енгізілді.
1. Балаларды балабақшаға орналастырудың ақпараттық жүйесі – «garden.shymkent.edu.kz»;
2. Балаларды 1-сыныпқа қабылдаудың ақпараттық жүйесі – «school.shymkent.edu.kz»;
3. Педагогтарды іріктеудің ақпараттық жүйесі – «Thunter.kz»;
4. Мектепішілік бақылаудың ақпараттық жүйесі – «I-mektep.kz.
2019 жылы оқушыларды қосымша білім беру мекемелеріне қабылдау, оқушылардың тегін лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау жұмыстары автоматтандырылды. Одан бөлек, техникалық және кәсіптік білім беру саласының қызметін және аталған салада көрсетілетін 8 қызмет түрі электронды жүйге көшіру жұмыстары басталды.
Брифингте «Нұрсәт» шағын ауданындағы №80 мектептің мәселесі де сөз болды. А.Текебаеваның айтуынша, биылғы жаңа оқу жылы қарсаңында қаладағы педагог кадрлардың медициналық тексерістен өтуі жергілікті бюджет қаржысы есебінен «Mediker» клиникасында тегін өте алады.
Leave a Reply